ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың бірінші ширегіндегі Қазақстан мен Қырғызстанның мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы: алғышарттар және құқықтық негіз
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-216-229Кілт сөздер:
мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық, қазақ-қырғыз байланыстары, түркі әлемі, Орталық Азия елдері, «жұмсақ күш», дипломатиялық қатынас, мәдени интеграция, келісім-шарт, достық туралы келісім, мәдени-ағартушылық ынтымақтастықАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алғаннан кейін көршілес мемлекеттермен, ТМД елдерімен, Орта Азия кеңістігіндегі мемлекеттермен, түркі өркениеті елдерімен және әлемнің бірқатар елдерімен мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты жүзеге асырудың маңыздылығы түсіндіріліп, бұл саладағы байланыстардың халықаралық қатынастарды жүргізудің тиімді және бейбіт тәсілі екендігіне назар аударылған. Тақырыптың негізгі бағыты болып отырған мәдени-гуманитарлық ынтымақтастыққа жан-жақты сипаттама беріліп, оның түрлері анықталған. Қазақстан үшін мәдени байланыстардың көш басында тұрған бауырлас халық, жақын көршілес орналасқан Қырғыз елімен тәуелсіздіктен бастап бүгінге дейінгі мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығы тарихына жүйелі түрде әр жылына тоқтала келе жан-жақты баяндалған. Тілі, діні, салт-дәстүрі, тарихы және шаруашылығы ұқсас қазақ-қырғыз мәдени-гуманитарлық байланыстарының ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың бірінші ширегіндегі дамып, нығая түскендігі көрсетілген. Бауырлас екі ұлт арасындағы түркі өркениеті, Орта Азия кеңістігіндегі ортақ мәдени және рухани сабақтастықтары мен құндылықтары қарастырылған.Сонымен қатар мақалада екі елдің бұл саладағы қарым-қатынастары жаңа жолға түсіп, ынтымақтастықтың тың әдістері де қамтылған.
Мақалада Қазақстан Республикасы мен Қырғызстан Республикасының отыз жылдан астам уақыт шеңберіндегі мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығының алғышарттары анық көрсетіліп, екі елдің ортақ мүдделері қарастырылған. Зерттеу барысында негізінен құқықтық бағыттағы яғни тараптар жағынан жасалған келісімдер мен заңдарға талдау жасалған. Сонымен қатар Қазақстан мен Қырғызстан сияқты көршілес, бауырлас халықтары үлгісінде халықаралық қатынастың мәдени-гуманитарлық ынтымақтастығын тиімді әрі бейбіт түрде жүргізудің формасы насихатталған.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




