Украина дағдарысының жаһандық азық-түлік жүйесіне әсері


Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-39-49

Кілт сөздер:

Қазақстан, азық-түлік қауіпсіздігі, Украина, Ресей, бидай өндірісі, инфляция

Аңдатпа

Мақалада жаһандық азық-түлік мәселесіне, оған әсер етуші факторлар мен салдарына қысқаша сараптама жасалады. Әлемдік қауымдастық бұл мәселені ұзақ уақыт бойы шешуге тырысады, бірақ коронавирустық пандемия, түрлі қақтығыстар сияқты себептердің туындауы сұраныс пен ұсыныс арасындағы айырмашылықты арттырып, жаһандық экономикалық өсуге қауіп төндіруде. Оған қоса, мақалада соңғы геосаяси толқыныстардың, әсіресе Украина дағдарысының әлемдік азық-түлік мәселесіне ықпалы статистикалық мәліметтер негізінде баяндалып зерттеледі. Аталмыш дағдарыс әлемдік аренада түрлі мәселелер туындатқаны белгілі, ал азық-түлік жүйесіне ықпалы бағаның өсуі, басқа тасымалдаушы табу қиындығы, сапаның төмендеуі, егістік жерлердің азаюы сынды бірқатар қиындықтар қалыптастыруда. Статистикаға сәйкес, дағдарыстың басты екі акторы – Украина мен Ресей азық-түлік өндірісі мен саудасындағы ең ірі ойыншылар. Мысалы, Украина мен Ресей арпа, күнбағыс және жүгеріні әлемдегі ең ірі бес экспорттаушының қатарына кіреді және де олар әлемдік бидай экспортының үштен бірін құрайды. Кейбір ауылшаруашылық өнімдеріне балама жеткізу көзін табу ұзақ мерзімді перспективада да өте қиын және екіталай болуы мүмкін. Украина мен Ресейден келетін экспортқа тәуелді бірқатар дамушы елдердегі онсыз да күрделі азық-түлік мәселесі одан әрі ушығуда. Қақтығысушы тараптардың да экономикасына келіп жатқан шығындар аз емес. Мәселені шешу үшін халықаралық ұйымдар мен басқа да акторлардың атқарып жатқан шаралары туралы ақпарат та мақалада баяндалады. Мақалада аталған мәселелер мен алдағы уақытқа қатысты бірқатар болжамдар мен ұсыныстар кеңінен пайымдалады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Елмагамбетова, Г. ., & Далелхан, А. (2026). Украина дағдарысының жаһандық азық-түлік жүйесіне әсері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 154(1), 39–49. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-39-49

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар