Қазақстан Республикасының Оңтүстік Кореямен ынтымақтастығының басым бағыттары мен болашағы


Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 2

Авторлар

  • А.К. Майкибаева
  • К.М. Ильясова

Кілт сөздер:

ынтымақтастық, серіктестік, егемендік, инвестиция, Қазақстанның дамуы, Қазақстан-Корея ынтымақтастығының бағыттары.

Аңдатпа

Мақалада посткеңестік кезеңдегі Қазақстан Республикасының Оңтүстік Кореямен
ынтымақтастығының эволюциясы сыртқысаяси көзқарас тұрғысынан қарастырылады. Авторлар тарапынан
Қазақстанның тек Оңтүстік Кореямен ғана емес, сонымен қатар басқа шетелдік мемлекеттермен өзара
экономикалық қарым-қатынастарына жан-жақты талдау жасалады. Қазіргі кезде әлемдік қауымдастықта
неғұрлым дамыған елдердің де өзара тәуелділігі, ірі-ірі мемлекеттердің басқа елдермен кез-келген саладағы
қарым-қатынастары ғана экономикалық, технологиялық прогреске қол жеткізуге болатындығы және
барлық қажетті тауарлар өндірісі мен қызмет көрсетудің тиімділігі үшін қолайлы жағдай жасау керектігі
мойындалған. Мұндай маңызды міндеттерді шешу тек халықаралық ынтымақтастықтың арқасында жүзеге
асырылады. Егемен мемлекет ретіндегі Қазақстанның дамуында оның басқа елдермен халықаралық қарымқатынастары маңызды рөл атқарады.
Мақалада соңғы онжылдықтардағы Қазақстанның экономикалық даму кезеңдері, нарықтық
экономиканың өзекті мәселелері, аталған екі мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктері
де қарастырылады. Қазақстан-корейлік ынтымақтастықтың негізгі бағыттары анықталады.
Қазақстанның дамуына Оңтүстік Корея Республикасының қолайлы әсері және нәтижелері де көрсетіледі.

Жүктеулер

Жарияланды

01.03.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

А.К. Майкибаева, & К.М. Ильясова. (2019). Қазақстан Республикасының Оңтүстік Кореямен ынтымақтастығының басым бағыттары мен болашағы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 126(1), 131–138. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/670