Қытай Коммунистік партиясы XX съезінің қорытындылары: әлемге жаңа жолдау
Қаралымдар: 157 / PDF жүктеулері: 98
Кілт сөздер:
коммунистер, жаңа басқарушы элита, идеология, қытайлық сипаттағы социализм, конгресс, Тайвань мәселесіАңдатпа
Қытай әлемдегі ең ірі экономикалық елдердің бірі және халықаралық аренадағы маңызды саяси ойыншы ретінде танылды. Елдің экономикалық құрамдас бөлігінің серпінді және үздіксіз дамуы, тіпті ковидтен кейінгі кезеңде Қытайға елдің тұрақтылығы мен бүкіл әлемде имиджін одан әрі сақтауға қуатты серпін береді. Бүгінде Қытайда болып жатқан оқиғаларға құлақ аспау мүмкін емес. Қытайда бес жыл сайын билік басындағы коммунистік партияның съездері өтіп, онда дәстүрлі түрде алдағы дамудың маңызды векторлары белгіленіп, өзекті міндеттер қойылып, идеологиялық шешімдер қабылданады. ҚХР-дың әлемдік қауымдастықтағы маңыздылығын ескере отырып, партия съездеріне ерекше назар аударылып, шетел үкіметі алаңдарында қызу талқылануда. Қытай Коммунистік партиясының XX съезі бүкіл Қытай халқы үшін ғана емес, Қытаймен тығыз байланыстағы елдер үшін де резонансты, әрі тарихи оқиғаға айналды. Бұл зерттеуде қазіргі құрылымдық функционализм әдісі, сонымен қатар саясаттану, тарихи және социологиялық зерттеу әдістері қолданылды. Мақалада Қытайдағы жағдайды толығырақ қарастыруға мүмкіндік беретін шетелдік сарапшылардың пікірлеріне талдау жасалды. Зерттеу нәтижесінде Қытайдың саяси ландшафтының маңызды аспектілерін қамтитын жаңа әкімшіліктің негізгі басымдықтары туралы түсінікке қол жеткізілді.