“Жаңа Жібек жолы” қытайлық жобасы: Қазақстан, ЕО және Аустрия үшін мүмкіндіктері мен артықшылықтары


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 8

Авторлар

  • M. Малек
  • A.M. Азмуханова

Кілт сөздер:

Жаңа Жібек жолы, Ұлттық Конгресс, инфрақұрылымдық байланыс, Батыс Еуропалық Одақ мүшелері, Декларация, көлік инфрақұрылымы.

Аңдатпа

Мақалада бүгінгі таңда Батыс Қытай мен Батыс Еуропаны қосатын «Жаңа Жібек жолы»
көлік дәлізінің геосаяси, геостратегиялық және геоэкономикалық маңызы жаңа зерттеу бағыттарын ашып,
толықтыруы баяндалады. Осыған байланысты, бұл қарастырылған мақалада қытайлық “Бір белдеу – бір жол”
жобасындағы Қазақстан, Аустрия, Еуропалық Одақтың бұл жобаға қатысу барысындағы рөлі, мүмкіндіктері,
шақыруларға дайындығы, артықшылықтары мен қауіпті тұстары, бір сөзбен айтқанда позитивті жақтары
мен қатары, талдауға алынып отырған елдердің жобаға қатысу жағдайындағы әлсіз, негативті жақтары
да салыстырмалы талдау әдісі негізінде зерттеледі. Жалпы бұл жобаны іске асыруға қатысу және өңірлік
ынтымақтастықтың жаңа мүмкіндіктері мен артықшылықтарын тиімді пайдалану мәселесі теориялық талдау
негізінде қатысушы елдердің сыртқы саясатының тұжырымдамасына сәйкес жүргізілді. Түйінді қорытынды
ой ретінде посткеңестік елдер (оның ішінде Қазақстан) және батыс еуропалық ЕО елдері (оның ішінде
Аустрия) осы жобаға әртүрлі көзқарас тұрғысынан қарайтынын көрсете отырып, Қазақстанның сыртқы
саясатының азиялық векторы өзінің геосаяси ұстанымына байланысты өңірлік және өңірлік емес державалар
тарапынан қарқынды бәсекелестік объектісі болып табылатындығын көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

14.12.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Малек M., & Азмуханова A. . (2019). “Жаңа Жібек жолы” қытайлық жобасы: Қазақстан, ЕО және Аустрия үшін мүмкіндіктері мен артықшылықтары. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 129(4), 96–105. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/588