Түркі қаһармандық эпостарындағы ат қою мотиві


Қаралымдар: 34 / PDF жүктеулері: 21

Авторлар

  • Г.Т. Жиембаева

Кілт сөздер:

ат қою мотиві, түркі халықтары, қаһармандық эпостар, батыр, ерлік.

Аңдатпа

Түркі халықтарының көптеген ғасырлар бойы дамып, қалыптасқан бай фольклорлық
мұрасында қаһармандық эпостардың алатын орны ерекше. Халқымыздың тарихымен ғана емес, елдік,
ерлік, азаттық рухымен де тамырлас болып келетін қаһармандық эпостарда батырдың дүниеге келуі, ат қою,
алғашқы ерлік, тұлпар таңдау т.б. көптеген мотивтер кездеседі. Аталған мақалада солардың бірі - батырға ат
қою мотиві қарастырылады.
Түркі халықтарының бала дүниеге келгеннен кейін жасалатын маңызды шараларынан бірі – ат қою
рәсімі. Бұл рәсімнің түркі халықтарының қаһармандық эпостарында алатын орны ерекше. Орта Азия және
Сібір түркі халықтарының эпостарында ата-анасы, елі зарыға күтіп дүниеге келген балаға кез-келген ат
қойылмайды. Эпостарда баланың есімі көбіне ерлігімен, жетістіктерімен байланысты болып келеді.

Жүктеулер

Жарияланды

14.12.2019

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жиембаева, Г. . (2019). Түркі қаһармандық эпостарындағы ат қою мотиві. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 129(4), 54–60. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/582

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)