XX ғасырдан бүгінге дейінгі қазақ және түрік тілдеріндегі тіл білімі сөздіктері: салыстырмалы талдау
Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 30
Кілт сөздер:
тіл білімі,сөздік,қазақ тілі,түрік тілі,сипат,жүйе,ерекшелік,кемшілік.Аңдатпа
Тілдің ішкі заңдылықтарымен ережелерін танытатын ғылым саласы –тілбілімі. Тіл білімі саласы бойынша жарық көрген сөздіктердің арқасында терминдердіңбелгілі бір жүйеде қалыптасып, қалыптаспағандығын аңғаруға болады. Мақалада қазақжәне түрік тілдерінде XX ғасырдан бүгінге дейін жарық көрген тіл білімі сөздіктерініңсипаты талданады. Бір ғасырдың ішінде тілдің өзгеруіне түрлі факторлар әсер етеді.Мәселен,қазақтілбіліміндетәуелсіздікжылдарынадейінтерминдердіңкөбіорысатауымен берілді. Ал түрік тіл білімінің қалыптасуына араб, парсы, сонымен қатар,батыс тілдерінің грамматикасы ерекше әсер етті. Мақала барысындасөздіктердіңішкі құрылымындағы өзіндік ерекшеліктері мен кемшіліктері сараланады және олар-дың саны анықталады. Сондай-ақ, әр сөздік бойынша тіл білімі терминіне мысал кел-тіріледі. Зерттеу барысында лингвистикалық әдістер: салыстырмалы-тарихи талдаужәнесипаттама әдісіқолданылды.