Қазақстандағы ұйғыр поэзиясында табиғат лирикасы


Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 31

Авторлар

  • Ш.Д. Буркитбаева

Кілт сөздер:

Қазақстан, ұйғыр диаспорасы, поэзия, ақындар, табиғат лирикасы.

Аңдатпа

Мақалада Тәуелсіз Қазақстандағы ұйғыр диаспорасы ақындарының жырларындағы табиғат лирикасы талданады. Табиғат лирикасы жанры –түркі халықтары поэзиясындағы ең көп жырланған жанрдың бірі. Табиғатпен бірге өмір сүріп, біте қайнаған көшпенді халықтар жырларында табиғат лирикасына ерекше көңіл бөлуде заңдылық. Мақала Қазақтандағы ұйғыр диаспорасы ақындарының поэзиясы қазақ тілінде ғылыми айналысқа түспегендіктен, аз зерттелгендіктен қолға алынды. Мақаланың мақсаты түркі тілдес халықтардың бірі, бауырлас ұйғыр диаспорапоэзиясы жырлаған негізгі тақырып қазақ әдебиеті көтерген тақырыптармен астасып, бір бағытта дамып келе жатқандығынашып көрсету. Қазақ әдебиетінің бір қанаты ретінде қарастырылатын ұйғыр жырларында да табиғат лирикасыжан-жақты жырланған. Ұйғырақындары табиғат құбылыстарын, көріністерін деректі, дерексіз заттар (гүл, бұлбұл, бұлт, Алатау, құс, өзен, Шарын, т.б.), жыл мезгілдері (көктем, жаз, күз, қыс) атаулары арқылы қолданылатын поэтикалық ажарлау, құбылту, айшықтау бейнеліліктерімен жырлаған.Табиғаттың сан алуан құбылыстарын поэтикалық бейнеліліктердің айқын бояулы тіркестерімен, кейіптеулік-символдық астарлаулы-меңгзеулі мағыналарыментұтастандыра сипаттаған. Мақалада Алматы қаласындағы Ұйғыр мәдени орталығының кітапханасынан, Р. Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының Ұйғыртану бөліміндегі әдеби қордан алынған еңбектер пайдаланылды. Сонымен қатар, Қазақстандағы ұйғыр поэзиясын құрайтынМахмұт Абдурахмановтың, Рахымжан Рузиевтің, Аблиз һазимнің, Патигүл Махсатованың, Абдукерим Ғаниевтің, Хуршида Илахунның, Абдуғопур Құтлуқовтың, Сабутжан Маматқұловтың (Надуру), Жәмшит Розахуновтың, Тельман Нұрахуновтың, Шайрам Баратованың шығармаларындағы табиғат лирикасы жанрында жазылған өлеңдері талданды.

Жүктеулер

Жарияланды

25.09.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Буркитбаева, Ш. (2021). Қазақстандағы ұйғыр поэзиясында табиғат лирикасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 136(3), 140–149. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/493

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану