Қазіргі қоғамдағы ақпараттық қауіпсіздікті жүзеге асыру мәселелері


Қаралымдар: 57 / PDF жүктеулері: 30

Авторлар

  • А.У. Нусипова

Кілт сөздер:

ақпараттық қауіпсіздік, кибершабуыл, компьютерлік шабуыл, насихат, қылмыс, ақпараттық соғыс, жалған ақпарат.

Аңдатпа

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (АКТ) қарқынды дамуы
және қоғам өмірінің барлық салаларында ақпарат рөлінің күрт артуы - бүгінгі таңдағы
негізгі тенденция екеніне еш күмән жоқ. Демократиялық мемлекеттерде ақпаратты
басқару және үкімет пен қоғам арасындағы байланыс процесінің өзегі болып табылады. Бүгінгі күні АКТ белсенді дамуы - саяси элита мен азаматтық қоғам арасындағы
қашықтықты азайтты. Ақпарат саяси салада өте тиімді қолданылатын сапалы
жаңа қасиеттері бар саяси ресурсқа айналды. Ақпараттың қандай-да бір түрде қоғам
өмірінің барлық салаларына саясатқа, экономикаға, мәдениетке әсер етуі - мемлекеттік ақпараттық саясатты қалыптастыру және жүзеге асыру процестерінің өзектілігін
алдын-ала анықтайды.
Қазіргі таңда кәсіпорындар да, мемлекеттік органдар да бұлтты, мобильді және әлеуметтік желілерді жиі енгізіп жатыр, сондықтан оларды қорғау қиынға соғуда. Осы арада қауіпсіздік мәселесін сөзсіз мойындауымыз керек. Қауіпсіздік стратегиялары қорғаныстың шегінен шығып табу, жауап қайтару және қалпына келтіруді қамтуы керек.
Мұның бәрі жаңа тәсілдерді, сондай-ақ мамандандырылған құралдар мен қызметтерді,
соның ішінде аналитика негізінде қауіп-қатерлерді үнемі бақылау және талдауды қажет
етеді. Осы факторлардың арақатынасын есепке ала отырып, мақала ҚР тұратын әр
саладағы халықтың ақпараттық қауіпсіздік туралы түсініктерін зерттеуге бағытталады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Нусипова, А. . (2021). Қазіргі қоғамдағы ақпараттық қауіпсіздікті жүзеге асыру мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 137(4), 118–125. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/465

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар