Энергетикалық кауіпсіздік контекстіндегі Қырғызстанның көмір өнеркәсібінің мәселелері
Қаралымдар: 42 / PDF жүктеулері: 25
Кілт сөздер:
көмір; қорлар; көмір саласы; өндіріс; мәселе; перспективалары; энергетикалық қауіпсіздік.Аңдатпа
Қырғызстандағы көмір кен орындарын тиімді пайдалану қазіргі заманғы
көмір өнеркәсібінің құрылысында маңызды рөл атқарады. Көмір өндіру елдің қажеттілігін қанағаттандыруға және импорттан бас тартуға ықпал етеді. Зерттеуге деген қызығушылық саланың дамуын, оның жай-күйін ғана емес, сонымен қатар негізгі
проблемаларды, сондай-ақ энергетикалық қауіпсіздікті көрсететін перспективаларды
сипаттайтын аспектілерді зерттеумен байланысты. Қырғызстанның көмір саласы
қаралып отырған сектордың бір бөлігі ретінде саланы дамытудың неғұрлым өнімді тарихи кезеңдерін, әртүрлі уақыт кезеңдеріндегі өндіру көлемін, көмір ресурстарын қайта
өңдеу мен пайдалануды айқындауға мүмкіндік беретін ерекшеліктерді анықтау үшін
зерделеу мен талдауды талап етеді. Өзектілігі, көмір өндіру тарихын зерттеу және
Тәуелсіздік жылдарында негіз болатын саладағы жетістіктерді анықтауға көмектесетіндігімен анықталады.
Қырғызстанның көмір секторының тарихи көрінісін зерттеу барысында мынадай мақсат қойылды – көмір ресурстарының көлемін, секторды дамытудың негізгі кезеңдері
мен процестерін анықтау, онсыз, біздің ойымызша, Қырғызстанның көмір өнеркәсібінің
жай-күйі, мәселелері мен перспективалары толық сипатталмайды. Мұндай тәсіл тәуелсіздік жылдарындағы көмір өнеркәсібінің әлеуеті мен перспективаларын анықтауға
мүмкіндік береді.
Қойылған мақсатты шешу Кеңес дәуіріне дейінгі, кеңестік кезеңдердегі және республика тәуелсіздігінің 25 жылындағы кезеңдегі Қырғызстанның көмір өнеркәсібінің тарихи
сипаттамасымен және жай-күйімен сүйемелденеді. Республиканың тәуелсіздік жылдарындағы көмір саласының ретроспективасын, проблемаларының жай-күйін және перспективаларын зерделеу кезінде қойылған сұрақтарға жауап беру үшін себеп-салдар, салыстырмалы-салғастырмалы және индуктивті зерттеу әдістері пайдаланылады.