Өзбекстан мен Корея арасындағы сауда-экономикалық байланыс: ынтымақтастықтың негізгі кезеңдері мен алғышарттары
Қаралымдар: 53 / PDF жүктеулері: 46
Кілт сөздер:
Ынтымақтастық, инвестициялық ахуал, шетелдік инвестиция, инвестициялық әлеует, экономикалық байланыстар.Аңдатпа
Мақала Өзбекстан Республикасы мен Корея Республикасы арасындағы сауда-экономикалық саладағы ынтымақтастыққа арналған. Автор Өзбекстан Республикасы мен Корея Республикасын
халықаралық құқықтың жалпы танылған қағидаттары мен нормаларынан егізделген көпжылғы достық
пен ынтымақтастық байланыстыратынын атап өтті. Екі мемлекет сауда-экономикалық саладағы екі
жақты ынтымақтастықты тереңдету мәселелеріне үлкен көңіл бөлуде. Елдер арасындағы ынтымақта -
стық жылдарында сенімді инвестициялық ахуалқұруға мүмкіндік беретін берік шарттық-құқықтық база
қалыптасты.
Екі мемлекет арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастар жылдарында Оңтүстік Корея Өзбекстанның уақытсынынан өткен сенімді досына және сауда серіктесіне айналды. Бүгінгі таңда бұл елдің
Өзбекстанның сыртқысаудасаласындағыәріптестеріқатарында төртінші орындатұрғанысоның дәлелі.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиеевтің Корея Республикасына былтырғы мемлекеттік сапары екі
ел арасындағы ерекше стратегиялық ынтымақтастық пен халықтар арасындағы достық байланыстардың
нығаюындағы жаңадәуірдің басталғанын көрсетті. Соңғы жылдары органикалық және ауқымды сипатқа ие болып кележатқан жемісті ынтымақтастық серіктестіктің ерекше стратегиялық деңгейге көтерілуіне ықпал етті.