Жапонияның Солтүстік Кореяға ұстанған саясаты


Қаралымдар: 13 / PDF жүктеулері: 9

Авторлар

  • Б. Ж. Абжаппарова
  • А.А. Тлеубаева

Кілт сөздер:

Жапония, Азия Тынық Мұхиты Аймағы, Солтүстік Корея, Оңтүстік Корея, ядролық дағдарыс, қауіпсіздік, қарусыздандыру, солтүстіккореялық қауіп, денуклеризация.

Аңдатпа

Мақалада АзияТынық мұхиты аймағында орналасқан елдердің даму ерекшеліктері қарастырылған. Оның ішінде Жапонияныңқазіргі кезеңдегі Корей түбегіндегі ядролық дағдарыс мәселесіне алаңдаушылық танытатындығы сараланған. Корей Халықтық Демократиялық Республикасының атом қаруын жасауға деген ұмтылысының тарихи себептері айқындалған. Қазіргі кезеңдегі Солтүстік Кореяның ядролық дағдарысы бүкіл адамзатқа жаһандық қауіп төндіріп отырған мәселеге айналып отыр. Әсіресе геоса-яси жағынан Азия Тынық Мұхиты аймағына тигізер қауіпі өте зор. Жапония Солтүстік Кореяны өзінің ұлттық қауіпсіздігіне басты қауіп төндіретін ел ретінде қарастырады. Сондықтан Жапония сыртқы саясатында Солтүстік Корея маңызды орын алады.Әрі Жапония АҚШ-тың Корей түбегіндегі саясатына толық қолдау жасайды.Корей түбегін ядролық қарусыздандыру мәселесі өте маңызды екендігі талдауға алынған. Жапонияның КХДР ұстанған саясатына назар аударылған.Соңғы уақытта АҚШ пен КХДР арасындағы денуклеризация процесінің жүзеге асырыла бастауына Жапония қолдау көрсетеді. Алайда Корей түбегіндегі денуклеризация процесін жүзеге асыру әлі де толық шешімін таппай отыр.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2018

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Абжаппарова, Б. Ж., & Тлеубаева, А. . (2018). Жапонияның Солтүстік Кореяға ұстанған саясаты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 124(3), 90–98. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/365