Қытай Халық Республикасының энергетикалық стратегиясындағы Ресей Федерациясының маңыздылығы


Қаралымдар: 25 / PDF жүктеулері: 14

Авторлар

  • С.С. Ыдырыс
  • Қ.С. Ыдырыс

Кілт сөздер:

Энергетикалық стратегия, сыртқы саясат, Қытай Халық Республикасы, Ресей Федерациясы, мұнай және газ секторы.

Аңдатпа

Әлемнің алпауыт мемлекеттерінің санатына жатқызылатын Ресей Федерациясы (РФ)
мен Қытай Халық Республикасы (ҚХР) арасындағы байланыстар әрқилы кезеңдерде әртүрлі сипатта өрбіген.
Кейде қос мемлекет арасында соғыс оты тұтанса, енді бір кезеңде ынтымақтастық пен әріптестік байланыстар белең алған. Десек те, тарих қойнауына үңіле зер салғанда екі елдің тарихы мен тағдыры бір-біріне
ұқсас екенін көреміз. Геосаяси тұрғыдан өз алдына шоқтығы биік елдерге баланатын РФ мен ҚХР-дың қос
құрлықтың қақ ортасында орналасып қана қоймай, қазіргі заманғы геосаяси теориялар бойынша жаһандануға бет бұрған бүгінгі әлемдегі өз алдына шешуші рөлге ие мемлекеттердің қатарына енуі оларды бір-біріне жақындастыратын маңызды факторлар болып табылады. Осы мақалада Қытай Халық Республикасының
энергетикалық стратегиясындағы Ресейдің маңыздылығы қарастырылған. Мақала Қытай мен Ресей арасындағы қолданыстағы және жоспарланған энергетикалық жобалар бойынша деректерді қамтиды. Сондай-ақ,
мақалада Қытай ресейлік мұнай және газ энергия ресурстарын тұтынуда қаншалықты тәуелді екені зерттеліп,
Таяу Шығыс елдерімен салыстырылған. Сонымен қатар мақалада, Қытайдың энергетикалық саясатындағы өзгерістер талқыланды. Өз кезегінде, бұл факт Ресей - Қытай қарым-қатынастарының екі жақты және көп
жақты аспектілерін талдауға көмектеседі, және Қытайдың энергетикалық стратегиясында Ресейдің орнын
айқындайды. 

Жүктеулер

Жарияланды

30.03.2018

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ыдырыс, С., & Ыдырыс K. . (2018). Қытай Халық Республикасының энергетикалық стратегиясындағы Ресей Федерациясының маңыздылығы . Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 122(1), 39–47. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/325

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар