Доспамбет жырау мен қайықшы Құл Мұстафа шығармашылығындағы үндестік


Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 18

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-302-314

Кілт сөздер:

қайықшы Құл Мұстафа, Доспамбет жырау, түрік, қазақ, толғау, дастан, үндестік

Аңдатпа

Анадолыдағы түріктер мен қазақтардың байланысы тереңде жатыр. Әдебиеті, мәдениеті, ділі, тілінің қайнар көзі бір бастаудан таралады. Мақалада Доспамбет жырау мен қайықшы Құл Мұстафа шығармашылығындағы ішкі мазмұндық және тарихи, әдеби үндестіктер талданады.

Доспамбет жырау – халық поэзиясының қайнар көзі мен түп тамырын жете меңгерген синкретті өнердің иесі. Өмір сүрген кезеңі ХVІ ғасырды қамтиды. Толғауларында баяндалатындай, Азау қаласында дүниеге келген. Бізге жеткен толғауларының басты тақырыбы – жауынгерлік, азаттық, еркіндік, аңсау мен өмірдің мәнін өкінбеген идеал тұлға ретінде іздеу сынды тақырыптарды қамтыды. Ал қайықшы Құл Мұстафа – түрік халқының әдебиетіндегі көрнекті тұлғалардың бірі. Тарихтан белгілі теңіз жорықтарының басшысына айналған Мұрат Рейстің сенімді серігі болған. ХVІІ ғасырда өмір сүрген қайықшы Құл Мұстафаның түрік халық поэзиясында өзіндік орны бар. Өмірбаяны туралы мол ақпарат сақталмаған. Осман кезеңінде өмір сүріп, Мұрат Рейспен бірге Бағдатты жаулау әскери сапарына қатысқан. Бірнеше туындылары бүгінгі күнге жетті. Соның ішіндегі ең танымалы және тарихи оқиға баяндалатын туындысы – «Жас Осман» дастаны. Жас қаһарманға айналған Османның сол ерлігі қайықшы Құл Мұстафаның дастаны арқылы да күллі түрік халқына мәшһүр болды.

Мақалада қайықшы Құл Мұстафа мен Доспамбет жырау толғауларындағы ішкі мазмұндық үндестік, салыстыру және талдау әдістері арқылы анықталады. Түбі бір туысқан халық поэзиясында елеулі орын алған екі тұлғаның синкреттілігі де баяндалып, қазақ және түрік зерттеушілерінің пікірлерімен тұжырым жасалады.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Жалелов, Д. ., & Арслан, М. (2025). Доспамбет жырау мен қайықшы Құл Мұстафа шығармашылығындағы үндестік. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 302–314. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-302-314

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану