Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы «Ауған мәселесі»


Қаралымдар: 112 / PDF жүктеулері: 64

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-156-170

Кілт сөздер:

ШЫҰ, Ауғанстан, «Талибан», АҚШ, Орталық Азия, қауіпсіздік, тұрақтылық

Аңдатпа

Мақалада Шанхай ынтымақтастық ұйымының аясында орын алған «Ауған мәселесі» жайында сөз қозғалады. Мәселені тереңірек түсіну үшін, алдымен, Ауғанстанның ішкі жағдайын түсіндіретін тарихи фактілер туралы айтылады. Олардың ішінде КСРО-мен соғыс, елдің ішіндегі азамат соғысы және шетелдік әскерлер біріккен тобына қарсы соғыстар туралы айтылады. «Талибан» тобының билікке қайта оралуы баяндалады. Сонымен қатар, «Талибан» билікке келгелі елдегі жағдайдың қандай өзгерістерге ұшырағаны айтылады. Аймақтағы күштер тепе-теңдігінің өзгерісіне мән беріледі. Яғни, АҚШ-тан босаған Ауғанстанға жаңа ықпал орнатушы мемлекеттер бәсекелестігі жайында айтылады. ШЫҰ мүше мемлекеттер мен Ауғанстанның жаңа билігі арасында жүзеге асырылған бастамалар мен жобаларға тоқталып өтеді. Орталық Азия мемлекеттерімен болған келісімшарттарға негізгі мән беріледі. Мақаланың соңына қарай ШЫҰ-ның Самарқанда өткен саммиті туралы айтылады. Оған қоса саммитте қол қойылған келісімшарттар тізіліп өтеді. Соңында барлық жазылған ақпаратты біріктіре отырып қорытынды жасалады.  

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Биримкулова, Г., & Жомарт, Н. . (2024). Шанхай ынтымақтастық ұйымы аясындағы «Ауған мәселесі». Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 149(4), 156–170. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2024-149-4-156-170

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану