ҚХР мен ЕО қарым-қатынастарындағы инвестициялық мәселелер
Қаралымдар: 113 / PDF жүктеулері: 142
Аңдатпа
Мақалада Қытай Халық Республикасы (әрі қарай ҚХР) мен Еуропалық
Одақ (әрі қарай ЕО) мүше елдері ынтымақтастығындағы тікелей инвестицияның
атқаратын рөлі талқыланады. Кытайдың жаһандық инвестор және қаржыгер
ретіндегі рөлі соңғы онжылдықтарда жылдам өсті. Екіжақты инвестициялық
келісім әр тарап үшін де кең мүмкіндіктер ашады. Қазіргі таңда бұл саладағы
ынтымақтастық мемлекеттер арасында екіжақты келісімдермен реттеледі.
Соған қоса, бүгін Қытай өзінің соңғы мақсатының бірі Еуропа болып табылатын
«Бір белдеу, бір жол» бастамасын ілгерілетуді күшейтіп жатыр. Дегенмен,
Қытайдың ЕО-қа инвестициясының біршама артуы көптеген пікірталас
тудырды. Оның ішінде Қытайдың еуропалық экономиканы басып алуға ұмтылысы
туралы баса айтылады. Жұмыстың мақсаты – Қытай және Еуропалық Одақ
елдерінің инвестициялық саясатын талдап, оның ерекшеліктерін айқындау.
Мақаланы жазу кезінде ғылыми зерттеулердің әдіснамасында сапалық, сандық
және салыстырмалы талдаулары пайдаланылды.
Зерттеу барысында екі жақ арасындағы инвестициялық қарым-қатынастың
даму тарихы зерттеліп, оның қазіргі жағдайы талданды.
Авторлардың назары соңғы жылдары Еуропалық Одақта Қытайдың ықпалын
бәсеңдетуге арналған «Жаһандық қақпа» бастамасына бағытталған. Бұл жұмыс
Қытайдың Еуропадағы инвестициясы мен Қытайдың аймақтағы ықпалы
арасындағы байланысты мұқият тексеруге арналған.
Әдебиеттер тізімі
Alexander Chipman Koty. European Parliament Votes to Freeze the EU-China Comprehensive Agreement on Investment [Электрон.ресурс]. – 2021. – URL: https://www.china-briefing.com/news/european-parliament-votes-to-freeze-the-eu-china-comprehensive-agreement-on-investment/ (қаралған уақыты: 06.12.2022)
中欧投资协定的影响和意义 (Қытай-ЕО инвестициялық келісімінің әсері мен маңызы). – Қытай: KPMG, 2021. – 8 б.
吴昊,杨成玉. 欧盟“全球门户”战略及其对“一带一路”倡议的影响 (Ву Хао, Ян Чэньюй. ЕО-ның «Жаһандық қақпа» стратегиясы және оның «Бір белдеу, бір жол» бастамасына әсері).- Қытайдың Ұлттық әлеуметтік ғылым қоры, 2022. – 20 б.
Mark Kane. China: Nearly 100,000 Plug-In Electric Cars Were Sold In August 2020 [Электрон.ресурс]. – 2020. – URL: https://insideevs.com/news/444628/china-100000-plugin-sales-august-2020/ (қаралған уақыты: 09.12.2022)
Stuart Lau, Hanne Cokelaere. EU launches ‘Global Gateway’ to counter China’s Belt and Road [Электрон.ресурс]. – 2021. – URL: https://www.politico.eu/article/eu-launches-global-gateway-to-counter-chinas-belt-and-road/ (қаралған уақыты: 09.12.2022)
Barbara Carvalho Neves. Global Gateway: the European strategy for boosting worldwide connectivity [Электрон.ресурс]. – 2022. – URL: http://observatorio.repri.org/2022/06/28/global-gateway-the-european-strategy-for-boosting-worldwide-connectivity/ (қаралған уақыты: 10.12.2022)
China-EU - international trade in goods statistics [Электрон.ресурс]. – 2022. – URL: https://ec.europa.eu/eurostat/statistics-explained/index.php?title=China-EU_-_international_trade_in_goods_statistics#:~:text=in%20Figure%205.-,In%202021%2C%20China%20was%20the%20third%20largest%20partner%20for%20EU,and%20Russia%20(4.1%20%25) (қаралған уақыты: 11.12.2022)
Chris Devonshire-Ellis. The EU’s Global Gateway: A Belt & Road Alternative? [Электрон.ресурс]. – 2021. – URL: https://www.silkroadbriefing.com/news/2021/09/22/the-eus-global-gateway-and-why-ursula-von-der-leyen-is-wrong-about-chinese-infrastructure-builds/ (қаралған уақыты: 13.12.2022)
Simone Tagliapietra. The Global Gateway: a real step towards a stronger Europe in the world? [Электрон.ресурс]. – 2021. – URL: https://www.bruegel.org/blog-post/global-gateway-real-step-towards-stronger-europe-world (қаралған уақыты: 17.12.2022)
“Global Gateway: The European Geopolitical Project to Rival China” [Электрон.ресурс]. – 2022. – URL: https://atlas-report.com/global-gateway-the-european-geopolitical-project-to-rivalchina/ (қаралған уақыты: 20.12.2022)