Ахмед Шауқи поэзиясындағы «сағыныш» концептісі
Қаралымдар: 36 / PDF жүктеулері: 16
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-209-220Кілт сөздер:
Ахмед Шауқи, араб поэзиясы, сағыныш, жер аудару, концептосфера, сарай ақыны, патриотизмАңдатпа
Бұл мақалада Мысыр елінің танымал ақыны Ахмед Шауқидің Испанияда жер аударуда жүрген кездегі туған жеріне, жақындарына деген сағынышы, ақын шығармашылығындағы сан-қилы өзгерістер көрініс табады. “Сағыныш” ұғымының ақын шығармаларындағы маңыздылығы, зерттеу барысында қарастырылады. Ахмед Шауқидің өмір сүрген кезеңіне тән өзіндік концептосферасы айқындалып, ұлттық ерекшелігі көрініс табады. Патша сарайында тәрбиеленсе де, ақын ретінде мысырлықтардың тамыр соғуын сезініп, олардың бар тілегіне қолдаушы болғандығын шығармаларында айқындап көрсеткеніне көз жеткіздік. Сондай-ақ мақала барысында 1915 жылы бірінші дүниежүзілік соғыс басталғаннан кейінгі Ахмед Шауқидің Испанияға жер аударылуы және 1919 жылы Мысырдағы төңкерістің одан әрі өршуінің салдарынан ақынның күйзеліске түсу кезеңіне талдау жасалынады. Мақаланың негізгі мақсаты – Ахмед Шауқи поэзиясының жер аударуда жүрген кезіндегі тақырыптық ерекшелігі мен Отанына, халқына деген сағынышына саралау жасалынып, қойылған мақсатқа жету және міндеттерді шешу үшін келесі зертттеу әдістері қолданылды: талдау, аудару, мәтіндік. Зерттеу нәтижесінде Ахмед Шауқидің елінен жырақта жүріп сағынышын басу үшін поэзияға жүгіну арқылы ғана жеңілдік тапқандығы зерделенеді. Ақын поэзиясындағы басты мәселелер сараланады. Зерттеу нәтижелері ақынның Севилья, Кордова және Гранададағы мұсылмандар өркениетінің ескерткіштерін зиярат ете отырып, “Араб елдері және исламның ұлылары” атты көлемді қасидасын жазғандығын көрсетті. Шауқи поэзиясындағы шынайы көңіл-күй мен сұлулықты суреттеудегі шеберлік ақын шығармашылығының бір қырын тануға мүмкіндік туғызды. Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде Ахмед Шауқи поэзиясындағы сағыныш ұғымы ақын өмірінің бір маңызды кезеңі ретінде шынайы көрініс табатындығы айқындалады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.