Түркілік «хотон» ұлысын лингвоэтнологиялық барлау


Қаралымдар: 120 / PDF жүктеулері: 116

Авторлар

Кілт сөздер:

лингвоэтнология, этникалық топ, шығу тарихы, Моңғолия, хотондар, хотон диалектісі, түркі халқы

Аңдатпа

Хотондар – Моңғолияның Увс аймағында мекендейтін, отырықшы өмір
салтын ұстанған түркі этностардың өзіндік тобы. Хотондар өздерінің түркі тектес
халықтан шыққандығын және мұсылмандар екендігін жақсы біледі.
Хотондар моңғолданып бара жатқанына қарамастан материалдық мәдениеті, тіл
мен дін саласында бұрынғы мұраларының бір бөлігін сақтап қалды. Осыған орай
Моңғолиядағы түркілік этнотобы болып саналатын хотон халқының этнонимдік
атауынан бастап, бүгінгі күнге дейін сақталған әдет-ғұрып, мәдениеті мен
фольклорлық мұралары, тіліне кешенді талдау жасай отырып, жүйелеу және оны
материалдық емес мұра ретінде тіркетудің маңыздылығы туындайды. Бұл үшін тіл
құжаттау, мұрағаттау жұмыстарын жүргізу қажет. Сол мақсатта әуелі хотон
ұлысының этнологиялық сипаттары барланып отыр. Сонан соң барып экспедициялық
зерттеулер арқылы тілі жазылып алынбақ.
Мақалада қазіргі таңда тілі жойылып бара жатқан хотон халқының шығу тарихы
мен этнологиялық сипаттары туралы шетелдік және ресейлік зерттеушілердің
еңбектерін ескере отырып, хотон этносының шығу тарихы мен өмір салты, мәдениеті
мен тілі жайындағы зерттеулерге шолу жасалып, дәйектемелер келтіріледі. Алайда
бұл еңбектерде жол-жөнекейлік бар екенін, терең бармағанын ескеру керек.

Жүктеулер

Жарияланды

01.12.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ж.А., Ж., & Н. , Ә. (2023). Түркілік «хотон» ұлысын лингвоэтнологиялық барлау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 145(4), 179–187. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/278

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану