Ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейліктің саяси ғылымдардағы түсіндірмелері


Қаралымдар: 105 / PDF жүктеулері: 39

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-9-31

Кілт сөздер:

ұлт, этнос, ұлттық бірегейлік, этникалық бірегейлік, саясат, тиістілік, мәдениет

Аңдатпа

Саяси ғылымдарда ұлт, этнос, ұлттық бірегейлік және этникалық бірегейлікті түсіндіру күрделі және көп қырлы зерттеу саласы болып табылады. Осы саланың ғалымдары бұл ұғымдарды саяси, мәдени, тарихи және әлеуметтік қырларын қарастыра отырып, түрлі тұрғыдан талдайды. Саяси ғылымдарда аталмыш ұғымдарды түсіндіру көбінесе нақты зерттеу контексті және мақсаттарына байланысты. Зерттеушілер ұлттар мен этностардың қалай анықталатынын, ұлттық және этникалық бірегейліктің қалай қалыптасып, сақталатынын және осы бірегейлік саяси мінез-құлық, институттар мен саясатқа қалай әсер ететінін зерттейді. Ұлт пен этносты зерттеу түрлі қоғамдағы саяси динамика, басқару және қақтығыстарды шешуді түсіну үшін маңызды. Бұл мақаланың басты мақсатына аталмыш төрт ұғымды анықтайтын тұжырымдарды саясаттанулық тұрғыда жүйелеу жатады. Мақсатты жүзеге асыру үшін ұғымдар мәнін дәйектеу арқылы сыни талдау міндеттерін қойдық. Ең алдымен зерттеу нысанына ілінген ұғымдардың саяси ойлар тарихында қалыптасқан түсініктерге мән бердік. Әр ұғымның негізгі сипаттамаларына тоқталып, өзара айырмашылықтарын анықтадық. Мақалада зерттеліп отырған ұғымдардың ғалымдар арасында келісілген анықтамасы жоқ екендігі дәйектелді. Зерттеушілер әлемде болып жатқан оқиғаларды дұрыс түсіндіргісі келсе, саяси-әлеуметтік көзқарастар аясында берілген түсіндірмелердің мағыналық айырмашылықтарын ескеруі қажет деген қорытынды жасалды.

Жүктеулер

Жарияланды

31.03.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Насимов, М. (2025). Ұлт және этнос, ұлттық және этникалық бірегейліктің саяси ғылымдардағы түсіндірмелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 150(1), 9–31. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-150-1-9-31

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар