Қазақстанның халықаралық имиджін қалыптастырудағы спорт жұмсақ күш құралы ретінде
Қаралымдар: 9 / PDF жүктеулері: 5
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-155-2-80-94Кілт сөздер:
спорт, жұмсақ күш саясаты, халықаралық имидж, олимпиада, мемлекеттік саясат, әлем чемпионатыАңдатпа
Қазіргі жаһандық жағдайда мемлекеттердің халықаралық имиджі тек дипломатиялық немесе экономикалық саясат арқылы ғана емес, сонымен бірге елдің оң имиджін қалыптастыруда жұмсақ күштің рөлі артып келеді. Ол әртүрлі жолдармен жүзеге асырылады. Мақалада спорт Қазақстанның мәдени, әлеуметтік және саяси құндылықтарын халықаралық кеңістікте тиімді жеткізетін жұмсақ күштің маңызды құралы ретінде қарастырылады. Қазақстан үшін спорттық жетістіктер ұлттық брендті қалыптастыру, халықаралық қауымдастықтағы беделді нығайтуда маңызды рөл атқаратыны нақты мәліметтермен дәлелденеді.
Мақалада халықаралық имиджді жасаудағы спорттың жұмсақ күш ретіндегі рөлінің тұжырымдамалық негізі талданып, әдебиеттерге шолу жасалады. Қазақстанның спорттағы жетістіктері екі кейспен сараланып, елдің жазғы олимпиададағы жетістіктері, мәселелері анықталып, қоғамдық пікірге сүйеніп, ұсыныстар беріледі. Сонымен бірге ел спортшыларының әлемдік чемпионаттардағы жеңістері, Геннадий Головкин сияқты танымал спортшылардың ел имиджіне оң әсері талданып, осы саладағы қазіргі жағдайы сараланып, ұсыныстар мен болжамдар жасалады. Спорттың мемлекет үшін жұмсақ күш ретінде тиімділігі, халықаралық аренада мәдени және моральдық құндылықтарды насихаттау үлгілері қарастырылады.
Тұжырымдамалық негіздеу үшін жалпығылыми әдістер пайдаланылды. Қойылып отырған мәселенің қолданбалық сипатын анықтау үшін қоғамдық пікірді талдау, статистикалық мәліметтерді өңдеу, салыстырмалы талдау арқылы қорытынды алынып, ұсыныстар әзірленеді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




