Сопы Аллаяр шығармасы тілінің лексика-грамматикалық сипаты («Сабат ул-`ажизин» шығармасы негізінде)
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
шағатай тілі, орта азиялық түркі әдеби тілі, поэтикалық туынды, сопылық әдебиет, сөз тіркесі, дыбыстық өзгеріс, үндестік заңы, көне түркі, кірме сөздер, кітаби тіл, дыбыстар сәйкестігі, лингвотекстология, графофонологияАңдатпа
Қазақ әдеби тілінің тарихына қатысты деректер әр кезең, әр дәуірлердегі әдеби тілдің нормаларына, даму жолдарына, өзгеру сипаты мен ерекшеліктеріне қатысты жазба мұраларда сақталған. Тарихи жазба мұралар тіл тарихы үшін бірден-бір дерек көзі болып табылады. Қазақ әдеби тілінің тарихы өзінің бастау көздерін көне замандардан алады, қазақ тіл білімінде жазбаша әдеби тілдің тарихына қатысты шешімін күтетін мәселелер көп. Қазіргі зерттеушілер шағатай әдеби тілін қазақ жазбаша әдеби тілінің қалыптасуына ықпал етуші арналардың бірі деп санайды. Шағатай әдеби тілі үлгісінде жазылып, қазақтар арасында таралған шығармалар біршама. Мақалада шағатай тілінің қазақ даласында танымал болғандығына мысал ретінде Абайдың осы тіл үлгісімен жазылған өлеңдеріне және қара сөздеріндегі Сопы Аллаяр есіміне назар аударылған. Автор бұған дейінгі ғалымдардың пікірлерін ескере отырып, шағатай тілі терминіне түсінік береді және зерттеу барысында, сөз орайына қарай, осы терминмен қатар “орта азиялық түркі әдеби тілі”, “жазба әдебиеттегі тілдік дәстүр”, “түркі әдеби тілі дәстүрі” сияқты сөз тіркестерін де қолданады.
Сопы Аллаярдың «Сабат ул-`ажизин» (әлсіздердің табандылығы) атты шығармасының грамматикалық ерекшеліктеріне талдаулар жасалды, атап айтқанда қазіргі сын есім тудырушы дай/дей жұрнағы көне дағ/дек тұлғасымен, барыс, шығыс септік жалғауларының көне және қазіргі түрлері, есімше тұлғалы көне «-мыш» пен қазіргі «-ған» тұлғалары салыстырылады. Қазіргі қазақ тілінде дербес қолданылмайтын, ескі түркі тілінен қалған баяндауыштық, күшейткіш «дүр» формантының грамматикалық қызметі мен күшейткіш мағынасын ашу үшін мысалдар келтіріледі. Софы Алляр тіліндегі тағы бір ерекшелік – ІІІ жақтағы етістіктің көпше түріне -лар қосымшасының жалғануы және араб, парсы изафеттерінің көптеп қолданылуы. Мақалада грамматикалық құрылым элементтерімен қатар, көне түркі тіліне тән с ~ ш, ш ~ ч дыбыстарының сәйкестігіне де назар аударылады. Шығарманың лексикалық құрамында араб, парсы сөздерінің үлесі жоғары және мұнда қазіргі қазақ есімдерінің құрамына енген біршама діни антропонимдер кездеседі.
Шығарма – өлеңмен жазылған поэтикалық туынды, ол – тарихи жазба жәдігер әрі белгілі бір дәуірге тән тілдік деректер қоры. «Сабат ул-`ажизиннің» (әлсіздердің табандылығы) тілінде өткен дәуірлердің белгілері, сол дәуірлерге тән тілдік элементтер, сөз орамдары, көнерген тұлғалар сақталған. Зерттеу барысында шығармадағы тілдік деректерді негізге ала отырып, қазақ жазбаша тілімен байланысына назар аударылады.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



