Түркі өзбек тілі құрылымының зерттелу тарихынан
Қаралымдар: 23 / PDF жүктеулері: 4
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-266-275Кілт сөздер:
өзбек тіл білімі, етістік, сарф, муфрад, жам, етістік шақтары, бұйрық рай, шартты райАңдатпа
Өзбек тіл білімі тарихының зерттелуі қазіргі уақытта өзекті тақырыптардың қатарынан көрінуде. Бұл тақырыпта бірқатар диссертациялар, оқулықтар, мақалалар жарық көрді, соның ішінде С. Аширбоевтың «Өзбек тілінің грамматикалық құрылымының зерттелу тарихынан» (1974), А.Нурмановтың «Өзбек тіл білімінің тарихы» (2002), С.Нормаматовтың «Өзбек тіл білімінің тарихы» (2022) сияқты еңбектер жарияланды. Мақалада ХХ ғасырдың басында енді ғана пайда бола бастаған практикалық грамматика категориясына жататын еңбекттер жүйелі талданған. Зерттеу барысында еңбектерге талдау жүргізіліп, теориялық-әдіснамалық негіздері мен тілдік талдау тәсілдері сарапталып, олардың сол кезеңдегі лингвистикалық көзқарастармен сабақтастығы анықталды. Практикалық грамматика шеңберінде етістік категориясының сипатталуы автордың дәстүрлі грамматикалық ұстанымдары мен араб тіл білімі ықпалының айқын көрінісі ретінде қарастырылады. Бұл еңбекте қолданылған терминологиялық жүйе мен талдау үлгілері өзбек тіл білімінің қалыптасу кезеңіндегі ғылыми ойдың деңгейін көрсетеді. Зерттеу нәтижелері ХХ ғасыр басындағы өзбек тіл білімінің даму үрдістерін айқындауға және түркі тілдерінің грамматикалық жүйесін тарихи тұрғыдан түсіндіруге мүмкіндік береді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




