Заманауи Қазақстандағы дін мен саяси идеологияның өзара ықпалы
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-64-77Кілт сөздер:
дін, идеология, трансұлттық ықпал, ұлттық бірегейлік, рухани қауіпсіздік, зайырлы мемлекет, әлеуметтік тұрақтылық, конфессияаралық келісімАңдатпа
Мақалада заманауи Қазақстан қоғамындағы діннің идеологиялық кеңістіктегі рөлі мен ықпалы кешенді түрде қарастырылады. Зерттеу посткеңестік кезеңнен кейінгі рухани және әлеуметтік өзгерістер контекстінде дінді қазіргі қоғамның мәдени және саяси өміріндегі маңызды фактор ретінде сипаттайды. Авторлар діннің сенім мен дәстүр шеңберінен шығып, қоғамдық сана мен ұлттық идеологияны қалыптастырушы әлеуметтік институтқа айналғанын көрсетеді.
Мақалада діни ұйымдардың институционалдану үдерістері, конфессиялық кеңістіктің динамикасы және олардың зайырлы мемлекет жағдайындағы қызметі талданады. Қазақстанның діни жүйесі үш деңгейде жүйеленеді: дәстүрлі діндер (ислам, православие), тарихи тұрғыда орныққан конфессиялар (католицизм, протестантизм, буддизм) және тәуелсіздік жылдарында таралған жаңа діни қозғалыстар. Ислам мен христиандық арасындағы мәдени сұхбат пен конфессияаралық үйлесім ұлттық тұрақтылық пен рухани қауіпсіздіктің маңызды тетігі ретінде бағаланады.
Зерттеуде діннің идеологиялық және саяси қызметі трансұлттық кеңістік контекстінде қарастырылып, сыртқы діни орталықтармен байланысы мен ықпалы сарапталады. Авторлар дінді тек рухани феномен емес, сонымен қатар идеологиялық және мәдени саясаттың құрамдас бөлігі ретінде түсіндіреді. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – дінді қазіргі қазақстандық қоғамның идеологиялық құрылымында трансұлттық сипаттағы әлеуметтік және саяси фактор ретінде зерделеуде.
Алынған нәтижелер діни саясат, рухани қауіпсіздік және идеологиялық тұрақтылықтың өзара байланысын түсінуге теориялық және қолданбалы негіз ұсынады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




