Қазақтың ұлттық киімі – қазақ мәдениетінің маңызды және ажырамас атрибуты
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-252-265Кілт сөздер:
киім, мұрақ, сәукеле, шапан, қаптама, тері, жүн, бас киім, бой киім, сырт киім, аяқ киім, фотоқұжатАңдатпа
Ұлттық киім – белгілі бір халықтың тарихын, өмір сүру салтын, дүниетанымын көрсететін маңызды, әрі мәдени құндылықтардың бірі болып табылатындықтан, қазақтың дәстүрлі киімі де – ұлтымыздың мәдениеті мен рухани болмысының ажырамас белгісі іспетті. Ғылыми мақалада қазақтың ұлттық киімі этномәдени тұрғыдан қарастырылып, талданады. ХVIII ғасырдағы қазақтардың тарихын, рухани өмiрi мен материалдық мәдениеті оның ішінде ұлттық киімінің өзіндік ерекшеліктерін сипаттаған түркітанушы-ғалым А.И.Левшин, поручик Д.Гладышев пен геодезист И.Муравин сынды орыс зерттеушілерінің, поляк суретшісі Б. Залесскийдің мәліметтерін алғашқы дерек көздің бірі ретінде пайдалана отырып, сондай-ақ, отандық этнограф ғалымдар Ә.Х. Марғұлан, И.В. Захарова, Р.Д. Ходжаева, Р.Ш. Кукашев, Н.Ә. Әлімбай, Б.С. Какабаев, жазушы С.М. Мұқанов және т.б. да зерттеушілердің қазақтың ұлттық киім түрлеріне қатысты жазған еңбектері негізге алынады. Бұл айтылғандармен қатар, ХІХ ғасырда өмір сүрген қазақтың дауылпаз ақыны М.Өтемісұлының жыр жолдарынан қазақтың кейбір ұлттық киім түрлерінің ерте кезден дәстүрлі қазақы ортада қолданыста болғаны туралы дәлел ретінде мақалада мысалға келтіріледі. Байырғы қазақтар киімдерін төрт түлік малдың иірілген жүнінен шәлі, мойын орауыш, кеудеше, шапан, күпі, қолғап, шұлық т.с.с. тоқығаны, ал, малдың иленген терісінен тон, қаптама, камзолша сияқты сырт киімдер мен аяқ киімдер тіккені, сонымен бірге, қазақтың бай-ауқаттылары бағалы бас киімдері мен сырт киімдерінің кейбірін аққу, гагара, қасқыр, түлкі, кәмшат, бұлғын, жанат, күзен, құндыз, сусар жабайы аң-құс терілерінен тіктіргені туралы кеңінен сөз болады. Манат, барқыт, шұға, мауыт, атлас, қырмызы, торғын қамқа тәрізді мата түрлерімен киімдер сыртын тыстаған. Торғын, дүрия, шағи, лейлек, бәтес, патсайы, сусыма, атлас, шәйі, сұпы тәрізді маталардан көйлек және т.б. киім түрлерін тіккендігі айтылады. Қазақтың дәстүрлі киім түрлері төрт (бас киімдер, сырт киімдер, бой киімдер, аяқ киімдер) топқа бөліп қарастырылып, әрқайсының өзіндік ерекшеліктері айтылады. Мысал ретінде, 1860 жылы Санкт-Петербургте Ресей императорының қабылдауында болған Орынбор облысы қазақтарының 4-ші депутациясы өкілдерінің салтанатты киімде бейнеленген фотоқұжаттары, Қазақстан Республикасы Ұлттық музейі қорындағы бірнеше киім түрлері фотосуреттері мен сипаттамалары беріледі. Сондай-ақ, қазақтың дәстүрлі киім атауларымен байланысты кейбір ұғымдар мен атауларға түсініктеме беріледі.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




