Мәдени мұраны қорғаудың халықаралық үлгілері және олардың Қазақстан жағдайына бейімдеу: салыстырмалы және институционалдық талдау
Қаралымдар: 10 / PDF жүктеулері: 7
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-100-114Кілт сөздер:
мәдени мұра, халықаралық үлгілер, ЮНЕСКО, Қазақстан, мәдени дипломатия, институционалдық талдау, мәдени саясат, тұрақты даму, халықаралық ынтымақтастықАңдатпа
Мақала тарихи-мәдени мұраны қорғаудың халықаралық үлгілерін және оларды Қазақстан жағдайына бейімдеу тетіктерін кешенді түрде зерттеуге арналған.
Зерттеудің мақсаты – мәдени құндылықтарды қорғау саласында мемлекет, қоғам және халықаралық құрылымдар арасындағы тиімді өзара іс-қимылды қамтамасыз ететін институционалдық тетіктерді, құқықтық негіздер мен ұйымдастырушылық модельдерді айқындау. Зерттеудің әдіснамалық негізін салыстырмалы, институционалдық және құрылымдық-функционалдық талдау, сондай-ақ халықаралық конвенциялар мен нормативтік актілерге контенттік талдау құрайды.
Мақалада Еуропа мен Азия елдерінің мәдени мұраны қорғау жүйелерінің негізгі ерекшеліктері қарастырылып, Франция, Италия, Польша, АҚШ, Грекия және Жапонияның тәжірибесі талданады. Бұл елдерде децентрализация, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік және азаматтық қоғамның қатысу құралдары табысты іске асырылған. Мұндай тәжірибелер құқықтық, экономикалық және қоғамдық тетіктерді біріктіретін аралас басқару модельдерінің тиімділігін дәлелдейді.
Қазақстан үшін институционалдық жүйені жаңғырту және ұлттық заңнаманы ЮНЕСКО мен ЮНИДРУА халықаралық стандарттарына сәйкестендіру қажеттігі айқындалды. Мемлекеттік реттеу, ғылыми қауымдастық, меценаттық қорлар және креативті индустриялар арасындағы серіктестікке негізделген аралас модель енгізу ұсынылады.
Зерттеу нәтижелері мәдени мұраны сақтау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаларды әзірлеуде, нормативтік-құқықтық базаны жетілдіруде және мәдени дипломатияны нығайтуда практикалық маңызға ие. Алынған тұжырымдар Қазақстанның мәдени көптүрлілікті сақтау және халықаралық мәдени ынтымақтастық жүйесіне белсенді қатысуына жол ашады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




