Қазақстан Республикасындағы ұрпақтар арасындағы саяси құндылықтардың қақтығысы: эмпирикалық зерттеу
Қаралымдар: 0 / PDF жүктеулері: 0
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-158-174Кілт сөздер:
саяси құндылықтар, ұрпақаралық қақтығыс, саяси мәдениет, жастар, аға буын, демократия, азаматтық ұстаным, Қазақстан, әлеуметтік трансформация, қоғамдық келісімАңдатпа
Мақалада Қазақстан Республикасындағы саяси құндылықтардың ұрпақаралық қақтығысы мәселесі қарастырылады. Жаһандану, цифрландыру және ақпараттық технологиялардың қарқынды дамуы аясында елімізде әртүрлі ұрпақтар арасында саяси көзқарастар мен әлеуметтік бағдарлардың алшақтауы байқалады. Аға буын өкілдері дәстүрлі құндылықтарға, тұрақтылық пен мемлекеттің рөлін күшейтуге бейім болса, жаңа буын – жастар жағы демократиялық еркіндіктерді, белсенді азаматтық ұстанымды және әлеуметтік желілер арқылы еркін пікір білдіруді маңызды деп санайды.
Мақалада ұрпақаралық саяси айырмашылықтардың тарихи, әлеуметтік және мәдени себептері талданып, олардың қоғамдағы саяси легитимділікке, азаматтық бірлікке және демократиялық процестерге ықпалы қарастырылады.
Зерттеудің теориялық мәні – қазақстандық қоғамның әлеуметтік трансформация жағдайындағы ұрпақтар арасындағы саяси құндылықтардың қақтығысының құрылу және таралу механизмдерін тыңғылықты зерттеу.
Зерттеудің тәжірибелік мәні – анықталған заңдылықтарды саяси саладағы ұрпақаралық диалогты орнатудың тиімді механизмдерін құрып, мемлекеттегі жастар саясатын алға қарай ілгерілетіп және жас топтары арасында саяси поляризациясын төмендету және қазақстандық қоғамның әлеуметтік бірлігін нығайту құрылатын қоғамдық жобаларды қолға алу мүмкіндігі.
Зерттеу жүргізуде сапалық және сандық әдістерді біріктіре отырып, методологиялық тәсілдердің кешенді нұсқасы қолданылды. Тәжірибелік деректерді жинауда Қазақстанның әртүрлі өңірлерінен 18-70 жас арасындағы тұрғындар арасында үш жас тобына бөлініп, сауалнама жүргізілген болатын. Фокус-топтық сұхбаттар мен әлеуметтік желілердегі дискурстарға контент-талдау жасалды. Теориялық база ұрпақтар теориясы мен саяси мәдениет және құндылықтардың өзгеру қарқыны бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың әдебиеттеріне шолу негізінде қалыптастырылды. Статистикалық деректерді өңдеу бойынша SPSS және Excel бағдарламалары арқылы зерттелді.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.




