Қазақ және түрік халықтарындағы жеті ұғымының дәстүрлік сипаты


Қаралымдар: 11 / PDF жүктеулері: 12

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-258-272

Кілт сөздер:

жеті, дәстүр, тәрбие, наным-сенім, әдет-ғұрып, фольклор, мәдениет, тыйым, бала, ұлт

Аңдатпа

Әр халықтың өзінің қасиетті сандары бар. Жеті саны қазақ және түрік халқының дәстүрі және мәдениетімен біте қайнасып келеді. Қазақ халқы да, түрік халқы да жеті санын қасиетті ұғым ретінде санайды және оны күнделікті тіршілігі мен дәстүрінде қолданады. Бұл санға деген сенім жақында пайда бола қойған жоқ. Ежелден әр санның құпия мағыналары бар деп есептелді. Соның негізінде кейбір сандар адамға сәттілік әкеледі, ал кейбіреулері сәтсіздіктер әкеледі деп сенді. Бұған сәйкес жеті санына байланысты қазақ және түрік ғалымдарының да зерттеулері баршылық. Аталмыш ғалымдардың еңбектері негізге алына отырып, екі халыққа тән ерекшеліктер қарастырылады. Аталмыш мақалада қазақ және түрік халқының жеті санын дәстүрі мен мәдениетінде, фольклорында қолданылуы тұрғысынан салыстырылып қарастырылған. Екі ұлттың да салт-дәстүрінде жеті санының кездесуі кездейсоқтық емес, мәдениеті мен дәстүрі, фольклорлық кейіпкерлерінің ұқсастығында жатқандығы айтылады. Сондай-ақ, қазақ және түрік халықтарының дәстүр, мәдениет, фольклорындағы жеті ұғымының ұқсастықтары, ерекшеліктері, тәлім-тәрбиелік маңызы айтылып, талданып, салыстырылады. Мақалада жеті ұғымының халықтық тыйым, наным-сенім, адамды, баланы сыртқы күш иелерінен қорғаудан туған ұғым екендігі кеңінен баяндалады. Бұл зерттеу жұмысында жеті санына қатысты қазақ және түрік ғалымдардың осыған дейінгі еңбектері негізге алынып, екі халықтың да ертегі аңыздарындағы, мәдениетіндегі, салт-дәстүрі мен дүниетанымындағы ерекшеліктері қарастырылған. Мақаланың ерекшелігі жеті санының қазақ және түрік халқының ұлттық дәстүрі мен мәдениетінде, екі халықтың жөн-жоралғыларында, адамзат баласының жарық дүниеге келуі мен ақыретке кетуіне орай жасалатын көптеген салттар мен ырымдарда, мифтік фольклорда көрініс тапқандығы болып табылады. Дәстүр мен мәдениет, фольклор қай уақытта да рухани құндылығымыз болып табылатыны анық, сондықтан да, түбі бір Түркі дүниесі үшін қазақ және түрік халықтарындағы ортақ байланыстар, дәстүрдегі, фольклор мен мәдениетіндегі байланысы өзекті тақырыптардың бірі болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ертаева, Б. . (2025). Қазақ және түрік халықтарындағы жеті ұғымының дәстүрлік сипаты. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 154(1), 258–272. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2026-154-1-258-272

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану