Қазақ және түрік мақал-мәтелдерінің құрылымдық ерекшеліктері
Қаралымдар: 51 / PDF жүктеулері: 41
Кілт сөздер:
түркі әлемі, қазақ тілі, түрік тілі, салыстырмалы зерттеу, мақал-мәтелдер, құрылымдық талдау, паремологияАңдатпа
Мақалада қазақ және түрік тілдеріндегі мақал-мәтелдердің орны мен қолданыс аясына назар аударылып, екі тілдегі мақал-мәтелдер нақты тілдік деректер негізінде мағына сәйкестігіне талданды. Ең жиі қолданылатын қазақ мақал-мәтелдері таңдалып алынды. Олардың түрік тіліндегі баламасы ұсынылып, олар аударма әдістеріне қарай салыстырылды. Себебі, қазақ тілі мен түрік тілі де бір түркі тілдер тобына жатады. Сондай-ақ қазақ пен түрік мәдениеті өте ұқсас болғандықтан мақал-мәтелдер де ұқсас болуын атап өткен жөн. Мақалада қазақ және түрік мақал-мәтелдерінің зерттелу тарихы баяндалып, олардың халық мәдениеті мен салт-дәстүрін, әдет-ғұрыпын танытудағы қызметі анықталды. Сонымен қатар, екі халықтың мақал-мәтелдері өзара құрылымдық, мағыналық сәйкестігіне қарай талданды. Мақал-мәтелдерді өзара салыстыра отырып, екі халық мәдениеті мен танымындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтар талқыланып, оған әсер етуші факторлар көрсетілді. Мақал-мәтелдерді салыстырмалы зерттеу әдісімен зерттей отырып, қазақ және түрік мақал-мәтелдерінің құрылымдық ерекшеліктері анықталды. Мақаланың ғылыми маңыздылығы: түркі халықтарының мақал-мәтелдерінің салыстырмалы зерттелуі мәселелеріне белгілі бір үлес қосуында. Практикалық маңыздылығы: жұмыс қорытындыларын гуманитарлық бағытта білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалануға болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2024 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.