1997-2017 ж.ж. Президент Н.Назарбаевтың жолдауларындағы Қазақстанның сыртқы саяси басымдылықтарының трансформациясы
Қаралымдар: 45 / PDF жүктеулері: 28
Кілт сөздер:
ҚР сыртқы саясаты, Президент Жолдаулары, ҚР сыртқы саяси басымдылықтарыАңдатпа
Тәуелсіздік жылдары мерзімінде Қазақстан Республикасы өзінің сыртқы саяси стратегиясын
бүгінгі геосаяси реалиялар қағидасына, халықаралық құқық нормаларына, қазақстандық қоғам қажеттіліктері
мен жағдайына сәйкес қалыптастыруда. Бұл мақала Қазақстан Республикасының Президенті Жолдауларының
сыртқы саяси аспектісін теориялық жағынан талдап, Қазақстан өзінің жұмсақ күшін проекциялау
механизмдерін сипаттауға мақсталған. Сыртқы саясаттағы 5 негізгі векторды теңгеру, қарусыздану мен
шиеленісті жағдайларды болдырмау бойынша бастамалар, сондай-ақ экономиканы басым қою Республиканың
Тәуелсіздік кезеңіндегі 27 жыл ішінде мемлекеттік саясаттың арқауына айналды. Мақала «қазақстандық даму
моделінің» мәні: басты қалыптасу кезеңдері, басымдылықтар эволюциясы мен қозғалыс күштерін түсінуге
мүмкіндік береді. Бұл жол басқа дамушы мемлекеттерге үлгі ретінде қарастырылуы мүмкін.