Қытайдың аналитикалық орталықтары: негізгі даму үрдістері
Қаралымдар: 25 / PDF жүктеулері: 19
Кілт сөздер:
аналитикалық орталықтар, Қытай, жаһандық рейтинг, дамыту стратегиясы, сарапшылар, аналитикалық нарық, зерттеу орталықтары.Аңдатпа
Мақалада авторлар Қытай Халық Республикасында бүгінгі таңда зор қарқынмен дамып
келе жатқан аналитикалық орталықтардың ерекшеліктеріне, олардың жаһандық рейтингтен алатын орнына,
жалпы мемлекеттік саясатты жүргізуге қосатын үлесіне тоқталған. Қытайдың аналитикалық орталықтарды
дамыту стратегиясындағы ерекшіліктері мен бағыттары, түрлері мен қызметтері көрсетілген.
Авторлардың пікірінше, саяси режимнің және саяси жүйенің өзгешелігіне қарамастан, Қытай
мемлекетінде аналитикалық орталықтардың дамуына ерекше назар аударатыны байқалады. Бұл үрдіс 2012
жылы Си Цзиньпиннің ҚХР Төрағасы лауазымына келуімен және сол жылғы қараша айындағы ҚКП-ның 18-
ші съезінде қытайлық ерекшелігі бар аналитикалық орталықтарды құру жоспарын жариялаудан басталды.
Қытай аналитикалық орталықтарының қызметінде білім беру саясаты, яғни магистрлік және
докторлық бағдарламалардың болуы – негізгі жұмыс бағыттарының бірі болып табылады. Сонымен қатар
Қытай үкіметі аналитикалық орталықтарды «дамудың қытайлық үлгісін» танымал ету, оны тарату, өзінің
жұмсақ күш құралы ретінде позициясын күшейтуде.