Түркі халықтарының аспаптық дәстүрлерін салыстырмалы зерттеудің перспективалары турасында (музыкалық мәдениеттер типологиясы тұрғысынан)


Қаралымдар: 36 / PDF жүктеулері: 30

Авторлар

  • Г.Н. Омарова

Кілт сөздер:

мәдениеттер ортақтығы, типология, ысқылы аспаптар, аймақтық стильдер, музыкалық жүйелер, түркі әлемінің шығысы мен батысы.

Аңдатпа

Мақалада түркі және, кеңірек айтсақ, Орталық Азия халықтарының музыкалық өнері саласында айқындалған этномәдени параллельдерін зерттеу мәселелері көтерілген. Автор этникалық мәдениеттер ортақтығының түрлі деңгейлерін анықтаумен бірге салыстырмалы-тарихи және салыстырмалы-типологиялық зерттеу әдістерін қолдана отырып, 2-қылішекті ысқылы аспаптардың жәнеОрталық
Азиядағы шығыс және батыс жақтарында орналасқан түркі халықтардың музыкалық ойлауының кейбір ерекшеліктеріне көңіл бөле отырып, олардың музыкалық-мәдени типологиясының маңызды мәселелерін нақтылайды. Қобыз бен домбыра музыкасының (төкпе және шертпе) аймақтық дәстүрлерінде
әртүрлі тарихи және мәдени дәстүрлердің симбиозын байқауға болады деген тұжырымға келеді. Олар
тек аспаптарда және музыкалық стилистикада ғана емес, сонымен бірге, «шығыс түркі» және «батыс түркі» мәдени жүйелеріне тән музыкалық ойлаудың алуан түрлерінде көрініс тапты. Автордың пікірінше,
Орталық Азияның музыкалық мәдениетін жан-жақты зерттеу, сондай-ақ, олардың мәдениаралық зерттеуімәдени типологияны да, осы аймақтағы түркі-монғол-иран мәдениетінің бірлігін де ашады.

 

Жүктеулер

Жарияланды

11.09.2020

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Омарова, Г. . (2020). Түркі халықтарының аспаптық дәстүрлерін салыстырмалы зерттеудің перспективалары турасында (музыкалық мәдениеттер типологиясы тұрғысынан). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 132(3), 83–91. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/553

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар