Түрік және Қазақ мақал-мәтелдеріндегі табиғат құбылыстары атауларының семантикалық ерекшеліктері
Қаралымдар: 50 / PDF жүктеулері: 102
Кілт сөздер:
қазақ, түрік, мақал-мәтел, семантика, прагматика.Аңдатпа
Түрік және қазақ тілдеріндегі табиғат құбылысы атауларының мақалмәтелдерде көрініс табуы – арнайы зерттеуді қажет ететін өзекті тақырып. Табиғат
құбылысы атауларының бұрынғы және қазіргі нұсқаларының айырмашылығы мен
күнделікті өмірдегі жұмсалымы мақала тақырыбының маңыздылығын арттыра
түседі. Осымен байланысты, паремиялардың ауызша сөзжұмсамдағы қолданыстық
ерекшеліктерін өзге тілдермен салыстыра зерделеудің берері мол.
Табиғат құбылыстары атауының семантикалық ерекшеліктері, әсіресе ауыспалы
мәнде қолданылуы тіл иесі халықтың өзін қоршаған ортамен тығыз байланыста тани
бастағаннан бергі сан ғасырлық тұрмыс-тіршілігінде қалыптасқан білім қорын
айшықтайды. Мақала авторлары климаты әр түрлі аймақтарда орналасқан түбі бір
түркі халықтарының мақал-мәтелдерін өзара салыстыру арқылы олардың аялық
біліміндегі ортақ ұғымдармен қатар айырмашылықтарды таңбалайтын тілдік
тетіктерді анықтауды мақсат еткен. Аталмыш мақсатқа жету үшін екі міндет
қойылған: түрік тіліндегі табиғат құбылыс атауларының қатысуымен жасалған
мақал-мәтелдердің қазақ тіліндегі баламасын тауып, салыстырмалы талдау жасау,
сондай-ақ табиғат құбылысы атауларын тікелей және ауыспалы мағынадағы
қолдану арқылы сөйлеушінің түпкі прагматикалық діттемін, ұстанымын анықтау.
Зерттеу барысында тілдік деректерді жүйелеу, салыстыру, саралау, талдау әдістері
пайдаланылды.