ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы Еуразия аймағындағы білім берудің өзекті мәселелері (Ресей мен Моңғолия мысалында)


Қаралымдар: 65 / PDF жүктеулері: 35

Авторлар

  • Т.А. Артамонова

Кілт сөздер:

Ресей, Моңғолия, халықтық білім беру жүйесі, Еуразиялық аймақ, құндылықтар, глобалистік бірігу.

Аңдатпа

ХХ ғасырдағы Ресей мен Моңғолиядағы мемлекеттік білім беру
жүйесінің даму траекториялары ұқсас тенденцияларға ие болды. Оларда халықтық
білім негіздерін құрудың жалпы мәселелері мен жетістіктері көрініс тапты. Қазіргі кезде
бұл елдерде халықтық білім беру жүйесін ұлтсыздандыру және дефундациялау
проблемалары тұр. Жоғары білімнің девальвацияға ұшырауы жастардың оған деген
сұранысының артуымен ерекше зерттеуді қажет етеді. Бүгінде Ресей мен Моңғолия
жаһандану мен батыстанудың ықпалын сезінуде, бұл білім беруде жалпы еуразиялық
құндылықтардың жоғалуына алып келеді. Жалпы еуразиялық құндылықтарға тату
көршілік, берік және тату отбасы, бейбітшілік, өзара көмек және табиғи принципке
құрмет жатады. Бұл құндылықтар глобалистік бірігу шабуылына және ұлттық
бірегейліктің жойылуына қарсы тұруға мүмкіндік береді. Еуразия халықтарының
жалпы өмірлік басымдықтары оларды ғасырлар бойына ұлттық, мәдени және діни
ерекшеліктер бойынша біріктіріп отырды. Зерттеушілер жаңа геосаяси жағдайында
орыс және монғол жастары арасындағы ұлтаралық қатынастардың бірін-бірі
толықтыруы әлі де сақталғанын атап өтті. Бұл мәліметтер Ресейдің Алтай аймағы мен
Моңғолияның Ховд аймағының студенттері арасында жүргізілген пәнаралық зерттеу
жұмысы барысында алынды. Мақалада Еуразия аймағы елдерінің білім саласындағы
ынтымақтастығын нығайту бойынша ұсыныстар берілген.

Жүктеулер

Жарияланды

26.06.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Артамонова, Т. . (2021). ХХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХІ ғасырдың басындағы Еуразия аймағындағы білім берудің өзекті мәселелері (Ресей мен Моңғолия мысалында). Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 135(2), 106–114. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/505

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану