Еуразиядағы ынтымақтастықтың жаңа моделі: «Үлкен еуразиялық серіктестік» аясындағы ЕАЭО және ШЫҰ
Қаралымдар: 52 / PDF жүктеулері: 34
Кілт сөздер:
ЕАЭО, ШЫҰ, Үлкен Еуразия, Жаһандану, ЕСА.Аңдатпа
Қазір әлемдік экономикалық жүйе трансформацияның тағы бір кезеңін
бастан өткеруде. ХХІ ғасырдың басында өзекті болған жаһандану мен өзара
тәуелділіктің өсуі маңызды рөл атқарды. Алайда, осы кезеңде әлемдік
экономикалық дамудың негізгі тенденцияларына: Дүниежүзілік Сауда Ұйымының
онжылдық механизмдеріне негізделген әлемдік экономикалық реттеу жүйесін бұзу
болмаса жедел қайта форматтау үдерісі; АҚШ пен Қытай арасындағы сауда
соғыстарын қоса алғанда, экономикалық дамудың жетекші орталықтары
арасындағы бәсекелестіктің артуы; экономикалық қызмет орталығының дамушы
елдер мен нарықтарға қарай түбегейлі ауысуы; аймақтық бірлестіктер мен
жеңілдетілген сауда аймақтары негізіндегі әлемнің жаңа сауда-экономикалық қайта
бөлінуі; технологиялардың жедел таралуы және экономикалық ықпалы, әсіресе
экономиканың цифрландырылуы.
Осыған байланысты Еуразиялық кеңістіктегі аймақтық бірлестіктердің қызметі мен
даму перспективаларын талдау ерекше қызығушылық тудырады. Аталмыш
мақаланың мақсаты - Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) және Шанхай
ынтымақтастық ұйымының (ШЫҰ) даму тенденцияларын анықтау, өзара
қызығушылық тудыратын салаларды салыстырмалы талдау және анықтау, өзара
әрекет ету және қиылысу механизмдерін қарастыру, ынтымақтастық салаларының
кеңеюін және аймақтық интеграцияның тұрақты дамуына қол жеткізуі бойынша
болжамдық талдау жасау.
Зерттеудің өзектілігі, ең алдымен, жаңа аймақтық күн тәртібін түсінудің, сондай-ақ
Үлкен Еуразиялық серіктестік шеңберінде ынтымақтастықты дамытудың жаңа
тәсілдерін әзірлеу қажеттілігімен анықталады. Зерттеу нәтижесінде Үлкен
Еуразиядағы ынтымақтастықтың жаңа моделін қалыптастыру перспективалары,
оның құндылығы мен институционалдық мазмұны, аймақ елдерінің әлеуметтікэкономикалық дамуында жаңа тепе-теңдікке жету мүмкіндіктері туралы
тұжырымдар жасалады