COVID-19 пандемиясы жағдайында Қазақстан-Ресей шекарасы


Қаралымдар: 46 / PDF жүктеулері: 27

Авторлар

  • М.В. Лапенко

Кілт сөздер:

Қазақстан-Ресей шекарасы, шекаралық байланыс, шекаралық тосқауыл, еуразиялық интеграция, трансшекаралық ынтымақтастық, байланыстырушы шекара, интеграциялық шекара, трансшекаралық өзара іс-қимыл.

Аңдатпа

COVID-19 пандемиясы және қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай Қазақстан-Ресей шекарасының функцияларына және Ресей мен Қазақстан арасындағы шекаралық ынтымақтастықтың дамуына әсер етті.
Мақала Қазақстан-Ресей шекарасының түйісу және тосқауыл сияқты қызметі арақатынасын қарастыруға арналған. Еуразиялық интеграцияның дамуымен және Еуразиялық экономикалық одақтың жұмыс
істей бастауымен Ресей мен Қазақстан арасындағы шекаралық ынтымақтастықтың рөлі артып, мемлекеттік шекараның байланыс функциясы артты, өйткені шекаралас аймақтар тауарлардың, қызметтердің,
капиталдың және жұмыс күшінің қозғалысы жолындағы кіру нүктелері болып табылады. Ресей-Қазақстан шекарасының «байланыстырушы» түрінен «интеграция» түріне көшу факторлары қалыптасты.
Алайда, COVID-19 пандемиясы бұл үдерісті бәсеңдетіп қана қоймай, сонымен қатар Ресей-Қазақстан
шекарасының тосқауылдық қызметін күшейтіп, шекаралас аймақтардағы іскерлік белсенділік пен гуманитарлық байланыстарды төмендетті.
Автор мынадай қорытындыға келеді: Қазақстан мен Ресей індеттің таралуына ден қою және оның
салдарын барынша азайту бойынша ортақ саясатты әзірлеуі, шекаралас аймақтардың азық-түлік және  биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, экспорттаушылар үшін «жасыл дәліздерді» ұйымдастыру алгоритмін құру қажет. Мигранттарға арналған «транзиттік дәліздерді» қазіргі заманғы байланыс
құралдары арқылы ішінара немесе толық жабу жағдайында да Қазақстан-Ресей шекарасының байланыс
функциясын сақтау шараларын әзірлейді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2021

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Лапенко, М. . (2021). COVID-19 пандемиясы жағдайында Қазақстан-Ресей шекарасы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 137(4), 163–174. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/470

Журналдың саны

Бөлім

Аймақтану