Түркі елдері ынтымақтастығы: даму тенденциясы және қазіргі жағдайы


Қаралымдар: 225 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 123

Авторлар

  • Майра Иембекова Университет Международного бизнеса им.К.Сагадиева

Кілт сөздер:

Түркі тілдес елдер, Түркі Кеңесі, Түркі мемлекеттердің Ұйымы, пантюркизм, ТҮРКСОЙ.

Аңдатпа

Мақалада түркі тілдес елдердің өзара ынтымақтастық үдерісінің қалыптасуы, қазіргі даму жағдайы және жетістіктері талданған. Өзімізге белгілі 2021 жылы қараша айында Түркі Кеңесінің ҮІІІ саммитінде бұл Кеңестің бұдан былай «Түркі мемлекеттерінің Ұйымына» айналуы туралы шешім қабылданды және бұл шешім Ресей және Батыс елдерін «түрікшілдік» идеяның жаңадан бас көтеруі ме деп тағы бір алаңдатып тастағаны болды.

Жұмыста түркі тілдес елдердің отыз жылға жуық уақыт ішіндегі даму тенденциясы өзара ынтымақтастықтың бастау алған кезінен бастап осы кезеңге дейінгі даму барысы бірнеше кезеңдерге бөлініп талданып, зерделенді. Әрбір кезең бойынша тиісті қорытындылар жасалып, бұл ынтымақтастық қатынастардың нәтижесі бағаланды. Автор осы уақытқа дейін түркі елдерінің арасындағы кейбір келіспеушіліктерге қарамастан, түркі ынтымақтастығының нәтижелі жетістікке жеткендігін қорытындылай отырып, мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың әлемдік саясаттағы қауіпсіздікті, бейбітшілікті, тұрақтылықты нығайтуға үлес қосатындығын, болашағы зор екендігін негіздеген,  баса көрсеткен.

Жүктеулер

Қосымша файлдар

Жарияланды

11.04.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Иембекова, М. (2023). Түркі елдері ынтымақтастығы: даму тенденциясы және қазіргі жағдайы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 142(1), 281–292. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/50

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар