Түріктің «эбру» өнеріне мәдени-саяси талдау


Қаралымдар: 55 / PDF жүктеулері: 306

Авторлар

  • А.Б. Рахимжанова

Кілт сөздер:

эбру, дәстүрлі түрік-ислам өнері, қолөнер, мәдени мұра, ұлттық болмыс, түрік болмысы, өнер тарихы, Османлы тарихы, өнерді саясаттандыру.

Аңдатпа

Бұл мақалада түріктің эбру өнерінің танымал болуы және оның саяси құрал ретінде пайдаланылуы мәдени антропология тұрғысынан талқыланады. Эбру – қоймалжың су толы шағын астаушаға
түрлі-түсті бояуларды қылқаламмен сеуіп, содан кейін пайда болған әр түрлі өрнектерді қағаз бетіне
көшіру өнері. Тарихта мұндай қағаздарды Селжұқ және Осман империясының каллиграфтары патша
жарлықтары мен құжаттарын жазу үшін пайдаланған. Алайда, сол дәуірден бастап осы уақыт аралығына дейін өнердің бұл түрі түбегейлі өзгерістерге ұшыраған. Бүгінде эбру қарапайым кітап түптеу қолөнерінен ұлттық мәдени мұраға айналған. Бұл өнер практикасы Түркия мемлекетінің этникалық, діни
және саяси идеялары мен құндылықтарын дамытуға септігін тигізуде. Мақаланың нәтижелері Анкарадағы BELMEK муниципалдық кәсіптік курстарында өткізілген эбру сабақтарының бақылауларына және
сабақ алушылардың берген сұхбаттарына негізделген. Мақалада эбру Түрік халқының дәстүрлі символы
ретінде қолданылатыны анықталды. Эбрудың терең тарихы және оның бейінділігі сияқты ерекшеліктері
оны түрік болмысының мұсылмандық құрамдас бөлігін нығайтып үлгерген және Осман империясының даңқын қайтаруға ұмтылған Түркиядағы қазіргі билеуші партияның еркі мен көзқарасын ілгерілету
үшін қолданылатын қолайлы құрал екені анықталды. Эбру мысалы бізге нақты саяси ұстанымдарды
жеткізу үшін кейбір дәстүрлі өнер түрлерін үлкен мәдени жобаларға қалай айналдыруға болатындығын
көрсетеді.

Жүктеулер

Жарияланды

30.09.2022

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Рахимжанова, А. (2022). Түріктің «эбру» өнеріне мәдени-саяси талдау. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 140(3), 221–231. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/415

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану