Қазақ тіліндегі ойконимдердің пайда болу тарихы мен ұлттық санадағы орны
Қаралымдар: 91 / PDF жүктеулері: 145
Кілт сөздер:
Ономастика, топонимикалық жүйе, ойконим, аңыз-әңгімелер, этимология, ұлттық сана, мұра, рухани жаңғыру.Аңдатпа
Топоним – «географиялық атау» тіркесінің синонимі, яғни кез-келген географиялық объектінің атауын білдіреді: мұхит, континент, елдер, қалалар, өзендер, жартастар, белестер және т.б. Ғасырлар бойы сақталып, ұрпақтан ұрпаққа беріліп келе
жатқан мәдени-тарихи мұра болып есептелінетін топонимдер – халық мәдениеті
мен шаруашылығын, салт-санасы мен әдет-ғұрпын, халықтар арасындағы байланысты
сипаттаушы негізгі фактор. Топонимдер мен микротопонимдердің бірнеше тобы бар.
Елді-мекен атауларының тарихына деген қызығушылық туған жерден басталады. Өмір
әртүрлі жолдармен дамиды, бірақ туған ауыл және оның айналасы – өзендер, төбелер,
жолдар, шабындықтар – әрқайсымыз туралы ақпаратты өз жадымызда қалдырды. Кейінірек, олар осы жерлердің тұрғындары туралы көп нәрсе айта алады, өйткені бүгінде олар мұнда бұрын өмір сүргендер жайлы мәлімет береді. Мақалада тарихи-мәдени
аспектілерге сүйене отырып кейбір ойконимдердің пайда болу тарихы, оларға әсер етуші
сыртқы факторлар мен рухани маңыздылығы көрсетіледі. Сонымен қатар, Солтүстік
Қазақстан облысының биік, орташа, аласа таулы үстірті орналасқан нысандардың
аңыз-әңгімелерде көрініс табуына тоқталамыз. Зерттеу негізінде Ақмола, Екібастұз,
Кәлкен, Бұқпа көлі, Қансүйек, Баянауыл және тағы басқа атаулардың тарихи мазмұны қарастырылады. Ономастикалық атаулар аса күрделі таңба болғандықтан, оларды
дәстүрлі тілдік жағынан қарастыру жеткіліксіз, өйткені олардың мазмұны ауқымды
әрі көптеген сыртқы факторлармен байланысты болып келеді. Ономастика саласын
тек жер-су аттарын зерттеу ғана емес, сонымен қатар, еліміздің болашағына, өскелең
ұрпақты тәрбиелеуге де септігін тигізетіні де атап өтіледі.