«Бабырнамадағы» оронимдер мен гидронимдер


Қаралымдар: 125 / PDF жүктеулері: 121

Авторлар

  • К.К. Кенжалин
  • А.А. Данияр

Кілт сөздер:

жазба мұра, Орталық Азия, Оңтүстік Азия, Үндістан, географиялық аймақ, таулы аймақ, дария, өзен-көлдер.

Аңдатпа

Захир ад-дин Бабыр – Моғол тайпаларын бір қолға біріктірген әмірші,
Үндістандағы Моғол әулетінің негізін қалаушы, Шыңғысханның ұрпағы, Омар Шейх
Мырзаның үлкен ұлы, көрнекті жауынгер, ақын және данышпан, мемлекет қайраткері.
Бабыр әдебиет, өнер, тарих, әскери және мемлекеттік істерді жақсы білетін адам
ғана емес, сонымен қатар экология, география, биология мәселелері бойынша да ең үздік
тұлға боп танылады. Автор «Бабырнама» жазба мұрасы арқылы өз дәуіріндегі табиғат
нысандары – су, ауа, топырақ, тау, флора мен фауна туралы дәйекті түсініктемелер
мен анықтамалар жасады.
Бабыр Орта Азиядан бастау алып, Ауғанстан мен Үндістан жерлеріндегі тауқыраттар мен асулар, өзен-көлдердің бойынан өтіп, мекен еткен жерлері туралы жазба
деректерінде нақты дәйектемелер келтіреді. Яғни «Бабырнамада» топонимикалық
тұрғыдан оронимдер мен гидронимдерге мысалдар жеткілікті. Бабырдың өткен
жолдарында кездескен түрлі тау-қырат пен жоталар, дария-көлдер мен бұлақтар
жинақталып, олардың географиялық анықтамасы келтіріледі.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Кенжалин, К., & Данияр, А. (2023). «Бабырнамадағы» оронимдер мен гидронимдер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 144(3), 219–231. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/13

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану

Most read articles by the same author(s)