Түрік тіліндегі жағымды және жағымсыз коннотациялы диминутивтер


Қаралымдар: 45 / PDF жүктеулері: 56

Авторлар

Кілт сөздер:

кішірейту жұрнақтары, диминутивтер, сөз тудырушы жұрнақтар, семантика, тәуелдік жалғауы, көптік жалғауы, антропонимдер

Аңдатпа

Түрік тілінің көптеген граматикалық еңбектерінде «кішірейту жұрнақтары» деп аталатын қосымшалардың затты кішірейтуден бөлек басқа түрлі функциялары бар. Зерттеу мақаласының мақсаты – функционалды грамматикада «диминутивтер» деп аталатын аталмыш формалардың семантикасына талдау жасау. Түрік тілбілімшілері «кішірейту жұрнақтары» деп  -CA, -Cık, -cAk, -cAğız, +(X)ç жұрнақтарын атайды. Қазақ ғалымдары олардың мағыналарын аша алғандықтан, тек кішірейту функциясын атамай «реңк мәнді жұрнақтар» деп кеңінен қарастырған. Функционалды грамматиканың міндеті грамматикалық құрылымдарды құрылысын ғана емес, семантикасы мен басқа да атқарар функцияларын ашып көрсетуге бағытталады. Тілдік қолданым мен материалдардан көргеніміздей түрік тіліндегі «кішірейту жұрнақтарының» сөзді кішірейтуден бөлек жақсы көру, еркелету, аяу, мазақ қылу тәрізді түрлі эмоционалды-экспрессивті функциялары да бар. Бір жұрнақтар жағымды мағына білдірсе, енді біреулері жағымсыз мағынаны білдіреді. Ал кейбірінің екі түрлі мағына білдіретін кезі болады. Сол себепті біз де мақаламызда оларды «кішірейту жұрнақтары» немесе «реңк мәнді жұрнақтары» деп атамай «диминутив» терминін қолдандық. Сондай-ақ түрік тілінде диминутив қызметін «кішірейту жұрнақтарынан» бөлек тәуелдік жалғауы мен көптік жалғауы да атқаратыны белгілі. Жұмыс барысында жоғарыда аталған түрік ғалымдары атаған «кішірейту жұрнақтарынан» да басқа осы функцияда қолданылатын қосымшалардың бар екенін тілдік деректерге сүйене отырып көз жеткіземіз. Бұл мақалада түрік тіліндегі диминутив жұрнақтарының көне түркі тіліндегі және басқа түркі тілдеріндегі варианттарын көрсете отырып мысалдармен мағыналарын ашамыз.

Жүктеулер

Жарияланды

28.06.2024

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Балабекова, Н. (2024). Түрік тіліндегі жағымды және жағымсыз коннотациялы диминутивтер. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 147(2), 248–263. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/312

Журналдың саны

Бөлім

Түркітану