Ортағасырлық түркі әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүр


Қаралымдар: 41 / PDF жүктеулері: 93

Авторлар

  • Е.С. Сейсенбиева

Кілт сөздер:

түркі және қазақ әдебиеті, діни дәстүр, ислам әдебиеті, ислам ұстанымы, әдеби мұра, сопылық әдебиет.

Аңдатпа

Бұл мақалада ортағасырлық түркі әдебиетінің ХІХ ғасырдағы
қазақ әдебиетіне ықпалы туралы айтылады. XIX ғасырдағы қазақ поэзиясының
ортағасырлық түркі әдеби ескерткіштерімен поэтикалық, тарих рухани
сабақтастығы бағытында кең кешенді саралаулар жасау міндеті қазірде қазақ
әдебиеттану ғылымының олжалы бір саласына айналып отырғаны мәлім.
Ортағасырлық түркі әдебиетінің өкілдері Жүсіп Баласағұн, Махмұд Қашғари,
Қожа Ахмет Йассауидің еңбектері мен қазақ әдебиетіне әсері сараланды.
Қазақ әдебиетінің тарихын зерттеу бағыттары негізінен кеңестік кезеңде
қалыптасып, орнығуы себепті әдеби мұрадағы дін негіздері ұдайы теріс,
кертартпа бағыттар есебінде бағаланып отыруы мұраның таза ғылыми
негізде танылуына елеулі кері ықпалын тигізді. Түрік тілдес тайпалардың
терең тамырлы рухани мұрасының исламият құнарын сіңіру үдерісі
тұтастай тарихи, көркемдік алғышарттар ауқымында кейінгі қырық жылға
жуық уақытта жан-жақты зерттеуге тартыла бастады. Сонда да болса,
ислам мәдениетінің қазақ руханиятындағы орнын ашудағы әдеби мұраның
мәні әлде де кешенді зерттеулер бағытында танылатыны айқындала түсіп
отыр.
Сопылық әдебиет пен Қожа Ахмет Йассауидің сопылық әдебиетін зерттеуші
ғалымдардың еңбектеріне саралау жасау арқылы, түркі әдебиетінің ХІХ
ғасырдағы қазақ әдебиетіне ықпалы қарастырылды.
ХІХ ғасырда қисса өлең, нәзира дәстүрі қазақ даласында дін негіздерін түсіндіру
– экзегетикалық дәстүрді қалыптастыруда елеулі шығармашылық өріс түзді.
ХІХ ғасыр қазақ әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүрдің бастауы қазақ жеріне
ислам дінінің орнығу тарихымен, нақтылы кезеңнің тарихи ахуалмен,
руханият өрісіндегі ислами әдебиеттің қазақ даласындағы қолжетімдігі
мәселесімен, т.б. ондаған тарихи-әлеуметтік, саяси факторлармен
байланысып жатыр.

Жүктеулер

Жарияланды

25.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Сейсенбиева, Е. (2023). Ортағасырлық түркі әдебиетіндегі экзегетикалық дәстүр. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 144(3), 269–280. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/232