ХX ғасырдың бірінші жартысында түркі халықтары ынтымақтастығын ұлттық автономиялар шеңберінде зерттеудің мәселелері


Қаралымдар: 127 / PDF жүктеулері: 106

Авторлар

  • А.М. Азмуханова
  • М.Ш. Эгамбердиев

Кілт сөздер:

Түркі халықтары, ұлттық автономиялар, ынтымақтастық, Ресей империясы, түркі зиялылары.

Аңдатпа

 ХХ ғасырдың бірінші жартысы түркі-мұсылман халықтары үшін маңызды саясиәлеуметтік өзгерістер кезеңі болып саналады. Революциялық қайта құрулардан кейін түркімұсылман халықтары Ресей империясының отарлау саясатының жаңа большевиктік кезеңіне
қарамастан, өздерінің ұлттық болмысын сақтай алды. Соның нәтижесінде ұлттық автономиялар
құрыла бастады, олардың аясында түркі-мұсылман халықтарының бірігу процесі жүрді. Олардың
идеологиялық көзқарастарына Бұхара, Самарқанд, Қазан, Ыстамбұл, Каир медреселерінде білім
алған жәдидшілер ықпал етті. Олар Ыстамбұлда болған кезінде жас түріктермен байланысқа
түсіп, ұлттық автономиялар құру кезеңінде түркі халықтарының ынтымақтастығына негіз болған
тың идеялардың ықпалында еді. Сонымен, бұл мақалада Ресей Федерациясының және Өзбекстан
Республикасының Орталық мемлекеттік мұрағатынан алынған деректеріне сүйене отырып, ХХ
ғасырдың бірінші жартысындағы ұлттық автономиялар (Еділ-Орал, Алаш Орда, Түркістан, Шурои-Исламия) құрамындағы түркі халықтарының өзара ынтымақтастығын жан-жақты талдау мақсаты
қойылған. Бұл мақсатқа жету үшін дискурстық талдау әдісі мен тарихи салыстырмалы зерттеу
әдісін қолдану арқылы Ресей империясының түркі-мұсылман халықтарының интеграциялануының
тарихи үдерісін көрсетуге талпыныс жасалған.

Жүктеулер

Жарияланды

15.09.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Азмуханова, А., & Эгамбердиев, М. (2023). ХX ғасырдың бірінші жартысында түркі халықтары ынтымақтастығын ұлттық автономиялар шеңберінде зерттеудің мәселелері. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 144(3), 178–196. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/214

Журналдың саны

Бөлім

Шығыстану