Көне дәуірдегі және орта ғасырдағы қыпшақтардың қалыптасу тарихы
Қаралымдар: 118 / PDF жүктеулері: 131
Кілт сөздер:
қыпшақ, тарих, көне дәуір, орта ғасыр, қазақ, ғылыми-библиографиялық базаАңдатпа
Қыпшақтану ғылымы археологтар мен тарихшылардың, шығыстанушылар мен түркітанушылардың бүгінгі күнге дейін жинақталған ғылыми жұмыстары негізінде ғылыми-библиографиялық база қалыптастырды. Мақалада ғылыми әдебиеттер, деректемелік материалдар негізінде ерте орта және орта ғасырдағы қыпшақтардың және қыпшақ тілінің Еуразия құрлығында таралу кезеңдері қарастырылады. Бұл кезеңдерге бөлуде негізгі ұстанған критерий осы аймақтағы түрік тілді көшпелілердің саяси және әскери белсенділіктеріне қатысты мәліметтер екені анық. Авторлардың ғылыми ізденісінің негізгі зерттеу объектісі – қыпшақтар және олардың қалыптасу мәселелері. Зерттеу нәтижесінде қыпшақ терминінің қалыптасуы шетелдік және отандық ғалымдар тарапынан зерделеніп, мағынасы семантикалық тұрғыда талданды, мәндік шекарасы анықталды. Мақала AP13068438 «Армян-қыпшақ ескерткіштері тіліндегі әмбебаптық пен ерекшелік» ғылыми жобасы аясында дайындалды.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.