Түркі мәдени интеграциясының даму басымдылықтары
Қаралымдар: 81 / PDF жүктеулері: 132
Кілт сөздер:
ТҮРКСОЙ, Түркі академиясы, мәдени интеграция, түркі өркениеті, түркі, интеграция, халықаралық қор.Аңдатпа
Берілген мақалада түркі интеграциясының даму басымдықтары жайлы өзекті
сұрақтар қарастырылады. Қазіргі кезеңдегі ортақ тарихи-мәдени тамырлар, дәстүрлердің ұқсастығы,
тілдің жақындығы, бірлескен ынтымақтастыққа мотивация интеграциялық өзара әрекеттестіктің
негізі болып табылады. Түркі мемлекеттері арасындағы оң байланыстардың арқасында, инклюзивті
мәдени ынтымақтастықтың негізі қаланды. Ағымдағы үдерістер барлық және жан-жақты зерттеуді
қажет етеді, дегенмен отандық ғылымның, оның ішінде түркітану саласының аясында ол туралы
белгілі бір білімнің жетіспеушілігі байқалады. Сондықтан құбылыстарды, фактілерді және
айнымалыларды неғұрлым объективті көзқараспен қарастыруға мүмкіндік беретін пәнаралық
тәсілді қолдану өзекті болады.
Материалдарды талдау нәтижесінде, түркі мәдениетін зерттеушілер арасында белгілі бір
пікірталас тудыратын өркениеттік көзқарас басым болғандықтан «түркі өркениеті» ұғымының
ғылыми ортада қабылданғанымен, әдебиетте және т.б толық қарастырылмаған. Басқа мәселелермен
қоса, еуроцентризмнің салдары мен жаһанданудың жағымсыз әсерлерін атап өту керек. Ұзақ уақыт
бойы еуроцентристік көзқарастың болуына байланысты гуманитарлық ғылымдарда көптеген
мәселелер назардан тыс қалып келді. Жаһандану жағдайында жалпы мәдени құндылықтар мен
дәстүрлердің бұлыңғырлану қаупі бар.
Осының негізінде түрлі проблемалық аспектілерді теңестіре алатын түркі елдері мен
халықтарының жақындасуының алдышарттары алға шығады. Мәдениет саласындағы интеграцияны
нығайту мен дамытудың ТОП-3 анықтаушы факторлары мәдени саласындағы мәдениеттің ортақтығы,
геосаяси күн тәртібі мен саяси ынтымақтастық, сондай-ақ институционалдық механизмдер болып
табылады. Жалпы мәдениетке келер болсақ, түркі мәдениетінің ақпараттық-түсіндіру жұмыстары,
белгілері мен мағынасын дұрыс кодтап, тиімдірек жүргізу қажет. Геосаяси күн тәртібі елдер
арасындағы өзара іс-қимылды катализдейді, саяси ынтымақтастық нәтижесінде интеграциялық
басымдықтар белгіленеді. Жалпы, әртүрлі институционалдық механизмдер (ТҮРКСОЙ, Түркі
академиясы және Халықаралық Түрік мәдениеті мен мұрасы қоры) мәдени ынтымақтастықтың
мүмкіндіктері мен деңгейін және қазіргі уақыт таптырмас міндеттерді жүзеге асыруды айтарлықтай
арттыра алады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2023 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.