Әлемнің араб лингвомәдени бейнесіндегі «тағдыр» концепциясы


Қаралымдар: 128 / PDF жүктеулері: 0 / PDF жүктеулері: 45

Авторлар

  • Ашраф Мухаммед Аттиа

Аңдатпа

Араб дүниетанымының негізгі ұғымдарының бірі – «тағдыр». Тағдыр – (араб. – әл-қадар)
– сананың ең маңызды категориясы, оның көмегімен халық дүниесінің араб концептуалды картинасы
құрылады. «Тағдыр» ұғымын сипаттау үшін араб мәдениеті өкілдерінің санасында осы ұғыммен байланыстыратын және оны ашатын «әл-қадар», «әл-қадаа», «әл-мания», «қисма», «насиб» және т.б. сияқты
ұғымдар ажыратылады. Мақалада араб санасындағы «тағдыр» ұғымын білдіретін тілдік құралдарды талданады. Бұл ұғымның маңыздылығы, ең алдымен, оның діни аспектісінде айқындалады. Тағдыр – ислам
дініндегі негізгі категориялардың бірі. Мақалада «тағдыр» ұғымының классикалық және заманауи медиамәтіндер материалдары бойынша әртүрлі мазмұны қарастырылады, оның тілдік санада бейнеленетін
тілдік құралдары айқындалады. «Тағдыр» ұғымын талдау арқылы араб мәдениеті өкілдерінің әлеуметтік
мінез-құлқын семантикалық-когнитивтік әдістерді қолдана отырып, түсінуге талпыныс жасалады. Берілген сөздің артында тұрған объект эмпирикалық тәжірибеде шындықтың бір түрі ретінде жоқ, ол көп
өлшемді және бірқатар түсіндіруге мүмкіндік береді.
«Тағдыр» ұғымын қарастырған кезде қазіргі тіл ғалымдарының әдіс-тәсілдері қолданылады, атап айтқанда, оның «әл-қадар» (алдын ала жазу), «әл-қада» (шешім, алдын ала белгілеу), «әл- мәния» (алдын
ала белгіленген өлім), «қисма, насиб» (үлесі, жері). Бұл сөздер «барлық жақсылық пен жамандық Алладан» деген постулатты ерекше атап өтеді. «Тағдыр» ұғымын талдағанда оның араб дүниетанымының
тағы бір маңызды ұғымы – «еркіндікпен» тығыз байланысы ерекше атап өтіледі.

Жүктеулер

Қосымша файлдар

Жарияланды

10.03.2023

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Мухаммед Аттиа, А. (2023). Әлемнің араб лингвомәдени бейнесіндегі «тағдыр» концепциясы. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 142(1), 264–270. Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/123

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар