«Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының шекаралық даму контексіндегі стратегиялық рөлі


Қаралымдар: 0

Авторлар

Кілт сөздер:

арнайы экономикалық аймақтар, шекаралық өңірлер, өңірлік саясат, Qyzyljar, инвестициялар, трансшекаралық ынтымақтастық, инфрақұрылым, экспорт, индустрияландыру, Солтүстік Қазақстан, геоэкономика

Аңдатпа

Мақалада Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының (АЭА) шекаралық аумақтарды дамытудағы стратегиялық рөлі қарастырылады. Зерттеудің негізгі мақсаты – арнайы экономикалық аймақтың өңірлік даму, инвестициялық тартымдылық және трансшекаралық ынтымақтастықты нығайту құралы ретіндегі тиімділігін бағалау. Зерттеу барысында салыстырмалы талдау, SWOT-талдау және интегралды тиімділік индексі әдістері қолданылды. «Qyzyljar» АЭА-ның қызметі Қазақстандағы өзге арнайы экономикалық аймақтармен салыстырылып, инвестициялар көлемі, экспорттық бағыттылығы, салалық әртараптандыру деңгейі, инфрақұрылымдық қамтамасыз етілуі және жұмыспен қамту көрсеткіштері бойынша бағаланды. Нәтижесінде аймақтың Ресей Федерациясымен шекаралас орналасуы, агроөнеркәсіптік әлеуеті және мемлекеттік қолдау шаралары оның өңірлік индустриялық және логистикалық орталық ретінде қалыптасуына қолайлы жағдай жасайтыны анықталды. Сонымен қатар, зерттеу барысында инфрақұрылымның жеткіліксіздігі, кадр тапшылығы, институционалдық шектеулер және экономиканың жеткіліксіз әртараптандырылуы сияқты мәселелер айқындалды. Авторлар арнайы экономикалық аймақтың тиімділігін арттыру мақсатында инфрақұрылымды жаңғырту, адами капиталды дамыту, басқару тетіктерін жетілдіру және шекара маңы ынтымақтастығын кеңейту бойынша ұсыныстар ұсынады. Зерттеудің ғылыми жаңалығы – шекаралық арнайы экономикалық аймақтардың тиімділігін кеңістіктік және геоэкономикалық факторларды ескере отырып бағалау тәсілін қалыптастыруында.

Жарияланды

30.09.2026

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Онучко, М. ., & Әлібай, Е. . (2026). «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағының шекаралық даму контексіндегі стратегиялық рөлі. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 156(3). Retrieved from https://bulpolit.enu.kz/index.php/main/article/view/986

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар

Most read articles by the same author(s)