Әйелдердің саяси агенттігі: тұжырымдамалық негіздер мен жүзеге асырудың институционалдық жағдайлары
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
саяси агенттік, гендерлік квоталар, әйелдердің саяси өкілдігі, саяси өзіндік тиімділік, дескриптивтік өкілдік, субстантивтік өкілдік, токенизм, рөлдік инкапсуляция, қатысу саясаты, гендерлік мамандану, ҚР Парламенті МәжілісіАңдатпа
Қазіргі уақытта әйелдердің саясатқа қатысуы негізінен олардың билік органдарындағы сандық үлесі арқылы бағаланады, ал әйел-саясаткерлердің дербес актор ретінде әрекет ету, күн тәртібін қалыптастыру, одақтастар табу және шешім қабылдауға ықпал ету қабілеті талдаудан тыс қалып отыр. Алайда әйелдер өкілдігінің өкілді институттардағы сандық өсуі олардың нақты ықпалының автоматты түрде кеңеюімен ұштаспайды, ал дескриптивтік және субстантивтік өкілдік арасындағы алшақтық қысқаруын тоқтатты. Зерттеудің мақсаты – әйелдердің саяси агенттігі ұғымын жай ғана қатысуға саймайтын, сандық өкілдіктен мазмұндық өкілдікке өтуді делдалдайтын шама ретінде тұжырымдау және оның жүзеге асуының институционалдық жағдайларын Қазақстан материалы негізінде айқындау. Теориялық негізді Х. Питкиннің өкілдік типологиясы, А. Филлипстің «қатысу саясаты», Р. Кантердің токенизм тұжырымдамасы, сыни масса мен сыни акторлар теориялары, сондай-ақ Э. Гидденс, М. Эмирбайер мен Э. Мише, Н. Кабирдің агенттікке қатысты пайымдаулары құрайды. Зерттеу әдісі – Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VIII шақырылымындағы 17 әйел-депутаттың заң шығару және бақылау қызметінің 1999 актісіне (депутаттық сауалдарына) жүргізілген, жеті пәндік салаға жіктелген контент-талдау. Нәтижелер айқын тақырыптық асимметрияны көрсетеді: белсенділіктің шамамен 45%-ы әлеуметтік-мәдени салада шоғырланған, ал дәстүрлі «еркектік» салаларды (экономика, қаржы, заңнама) тек жекелеген «сыни акторлар» ғана игереді; сонымен қатар белсенділік көлемі тақырыптық автономияға тең емес. Жиынтық 30 пайыздық квота әйелдердің институтқа кіруін қамтамасыз етеді, бірақ олардың негізгі позициялар бойынша бөлінуін қамтамасыз етпейді. Алынған тұжырымдар 2026 жылғы конституциялық реформаға байланысты ерекше маңызға ие болады: бұл реформа екіпалаталы Парламентті бірпалаталы Құрылтаймен алмастырды, ал 2026 жылғы 23 тамыздағы сайлау қарсаңында бұрынғы жиынтық квотаның сақталуы жаңа органда да қатысу мен ықпал арасындағы алшақтықтың қайталануын болжауға мүмкіндік береді.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



