Идеология және қазақ баспасөзі («Қазақ әдебиеті» материалдарын талдау)
Қаралымдар: 2 / PDF жүктеулері: 1
DOI:
https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-152-3-56-69Кілт сөздер:
идеология, «Қазақ әдебиеті» газеті, баспасөз, зиялы қауым, мемлекеттік саясат, билік, әділдікАңдатпа
Мақала 2015-2025 жылдары Қазақстандағы мемлекеттік идеологиялық тұжырымдамалардың эволюциясын салыстырмалы талдауға арналған. Бұл ретте, 2015-2019 жылдар Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың билікте болған соңғы 5 жылын, ал 2019-2025 жылдар Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең жоғары қызметтегі алғашқы 5 жылдық кезеңін қамтиды. Зерттеу «Қазақ әдебиеті» газетінде 10 жылда жарияланған мақалалар мен материалдарға контент-талдау жасау арқылы жүргізілді. «Қазақ әдебиеті» газеті кездейсоқ таңдап алынған жоқ. Бұл – зиялы қауым өкілдерінің пікірі, ой-тұжырымдары тұрақты түрде жарияланып тұратын негізгі басылымның бірі. Автор Қазақстандағы идеологиялық парадигманың түбегейлі өзгеріске ұшырағанын анықтады: Назарбаев кезеңінде тарихи-консервативтік нарратив басты орында болса (Мәңгілік ел, Рухани жаңғыру), Тоқаев кезеңінде прагматикалық, әлеуметтік-құқықтық мәселелерге (Әділетті Қазақстан, Таза Қазақстан, Заң мен тәртіп, Адал азамат, Алаш қайраткерлерінің мұрасын жаңғырту, цифрландыру, жасанды интеллект) басымдық берілді. Мақалада ұлттық интеллигенция өкілдерінің рөліне айрықша назар аударылды. Олар дәстүр сақшысынан өткір сын айтатын, сананы жаңғыртуға бастамашы болатын әлеуметтік топқа айналды. Зерттеу барысында жаһандық және ішкі сын-қатерлер (пандемия, Украинадағы ахуал, 2022 жылғы қаңтар оқиғасы) идеология саласындағы басымдықтың экономикалық егемендік пен әлеуметтік әділдік мәселелеріне қарай ойысуына түрткі болғаны дәлелденді. Жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде саяси бағдардың ауысуы, баспасөздегі дискурстың эволюциясы және ұлттық бірегейлік туралы көзқарастың өзгеруі арасында тікелей байланыс бар екені дәлелденгенін атап өтуге болады.
Жүктеулер
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2025 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.