vҚазаҚазақстандағы отбасы саласындағы мемлекеттік саясат: әлеуметтік-саяси аспект


Қаралымдар: 16 / PDF жүктеулері: 7

Авторлар

DOI:

https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-70-82

Кілт сөздер:

отбасы, әлеуметтік саясат, отбасы саясаты, демография, әлеуметтік даму, демографиялық саясат, урбанизация, отбасылық құрылым

Аңдатпа

Кейінгі уақытта мемлекеттік отбасы саясаты тақырыбы әлемдік жаһанданумен байланысты көптеген ғалымдардың назарында. Қазақстанда бұл тақырып әлі де жеткілікті деңгейде зерттелмегенімен, ғылыми ортада оған деген сұраныс байқалуда. Қазіргі таңда отбасылық және демографиялық мәселелер әлеуметтік, мемлекеттік саясаттың, қоғамның және жалпы ғылымның назарында болуы маңызды. Заманауи отбасының тұрақты болуы мәселелері де назардан тыс қалмауы керек. Бұл мәселе отбасылық ажырасудың жай-күйі мен динамикасынан, олардың әлеуметтік-типологиялық және аймақтық аспектілерінен, ажырасу себептерінен тұрады Осыған орай, бұл мақалада Қазақстан Республикасындағы отбасының әлеуметтік-саяси аспектілері  талданады. Зерттеу барысында ресми статистикалық деректер, мемлекеттік бағдарламалар және әлеуметтік зерттеулер нәтижелері қолданылды. 2019–2023 жылдар аралығындағы некеге тұру мен ажырасу динамикасы, оған әсер ететін әлеуметтік, мәдени және аумақтық факторлар қарастырылады. Отбасы институтының өзгеру динамикасы, неке санының төмендеуіне әсер етуші факторлар, мемлекеттік қолдау шаралары, гендерлік рөлдер мен қоғамдық құндылықтар жүйесіндегі орны сарапталады. Сонымен қатар, Қазақстандағы отбасылардың құқықтарын қорғау, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы мүшелерінің әлеуметтік жағдайын жақсарту және жалпы отбасы институтын нығайтуға бағытталған бірқатар маңызды заңнамалық актілер  талданып, қазіргі заманғы жаһандану және урбанизация үдерістерінің отбасылық құрылымға ықпалы да қарастырылған. Мақаланы жазу барысында ұсынылған шаралар мен ұсыныстар отбасылардың әл-ауқатын жақсартуға, балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғауды арттыруға, сондай-ақ елде неғұрлым тұрақты және үйлесімді отбасылық ортаны құруға бағытталған мемлекеттік саясаттың тиімділігін арттыру үшін маңызды негіз бола алады.

Жүктеулер

Жарияланды

30.12.2025

Дәйексөзді қалай келтіруге болады

Ермекбаева, Е. ., Жанпейісова, К. ., & Таштемханова, Р. . (2025). vҚазаҚазақстандағы отбасы саласындағы мемлекеттік саясат: әлеуметтік-саяси аспект. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы, 153(4), 70–82. https://doi.org/10.32523/2616-6887-2025-153-4-70-82

Журналдың саны

Бөлім

Саяси ғылымдар