Қытай соғыс өнері мәдениетінің мәйегі болған «36 айла-амалдың» мазмұны мен сипаты
Қаралымдар: 0
Кілт сөздер:
қытай мәдениеті, соғыс өнері, әдіс-тәсілдер, Сунь Цзының соғыс өнері, 36 айла-амалдар, қайшылық-қақтығыстар, бәсекелестік, жеңіске жету жолыАңдатпа
Қытай – әлемде жансаны ең көп, мәдениеті тереңге тамыр тартқан, іргелі елдердің бірі екендігін бәріміз білеміз. Сонымен бірге қытай қазіргі күнде бай мәдениет мәйегі мен ұзақ тарихи тәжірибесінің арқасында, қарқынды дамып келе жатқан экономикалық үрдісімен, ғылым техникалық күшімен бүкіл әлемді өзіне қаратып отырғандығы да жасырын емес. Бүгінгі алапат ақпараттық бәсеке дәуірде, әсіресе, біз дамыған елдер қатарына қосылу сынды стратегиялық міндетті арқалап отырған таңда дарынды, қабілиетті және айла-тәсілі кемелді ұрпақ тәрбиелеуді мойнымызға алып келе жатқандығымыз да шындық. Сондықтан біз дәуір талабына сай жас ұрпақтарымыз бен іскер жастарымызға жан-жақтылы тәлім-тәрбие беру барысында жалықпай ізденіп, зерттеу жүргізумен қатар дәстүрлі ұлттық ұстанымымызды тұғырнама ете отырып, Құдай қосқан көрші елдер мен дамыған елдердің тәжірибе сабақтарын оқып-зерттеуді қолға алуымыз керек. Өйткені біз бәсекелестікке толы жаңарып-түрленген әлемдік геосаяси кеңістік пен білім-ғылымға деген құштарлық құлшынысы аясында өмір сүріп отырмыз. Оның үстіне ғылым-техника дамыған сайын дүние жүзіндегі елдердің, әсіресе, империялық пиғылдағы алып одақтардың шағын елдерді жаулап алу араны барған сайын ашылып, тәуелсіздігіміздің тұғырнамасына көз алартып отырған топтар мен жіктер молыға түсуде. АҚШ пен Ресей, Иран және Батыс елдері сынды әскери әлауқаты мығым күштердің көпшілігі әр салада даму қарқыны жетекші орынға көтеріліп келе жатқан қытай қаупі мен оның әлемге қожа болу стратегиялық мақсатын барған сайын терең сезіне бастады. Сол себепті біз қытайтанумен қатар, қытай соғыс өнерінің атасы саналатын Сунь Цзының «жауды танумен бірге өзіңді білсең, әрқандай шайқаста ешқашан қауіп-қатерге ұшырамайсың» деген секілді бағытта ой-тұжырымын сарапқа салған «Сунь Цзының соғыс өнері» атты еңбегі мен «Қытайдың 36 айла-амалы» сынды классикалық туындыны зерттеп-зерделеуді қолға алуымыз керек. Өйткені олар күнделікті тұрмыс-тіршіліктегі қақтығыс-қайшылықтардан бастап, спорт бәсекесі, сауда-саттық қимылы, мәмілегерлік келісім-шарттар және саяси бақталастық қатарлы салаларда кеңінен қолданылады. Осы тұрғыда аталмыш ғылыми еңбек қытай соғыс өнері мәдениетінің мәйегі болған «Қытайдың 36 айла-амалдарының» стратегиялық мәні мен мазмұны және сипаты туралы парасатты түрде пайымдап, ойлы оқырмандарды тың пікір-көзқараспен қамтамасыз ете алады.
Жарияланды
Дәйексөзді қалай келтіруге болады
Журналдың саны
Бөлім
Лицензия
Авторлық құқық (c) 2026 Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің хабаршысы. Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы

Бұл жұмыс Creative Commons Attribution-NonCommercial-NoDerivatives 4.0 Дүние жүзінде.



